Ол өзінің жиырма бес жыл өмірін спортқа арнады. Бүгін күн ұзаққа доп тептік. Ол тек жеңіске жетуді ойлап жүр. Командадағы менің нөмірім он екінші. Мектептің спорт алаңы кең. Менің мектеп футбол құрамасында ойнайтыным, мен үшін үлкен мақтаныш. Бүгінгі жеңіске қыздар командасы ие болды. Мен кейбір спорт түрлерін біле бермеймін.
1.Отанның жуасы да тәттi. И лук на Родине сладок.2. Туған ел – тұғырың. Родная земля – твоя опора.3. Отан отбасынан басталады. Родина с семьи начинается. 4. Өзіңнің ғажайып Отаныңды ұмытпа, өз туған жеріңе ешқашан соқпай өтпе. Свою Родину прекрасную никогда не забывай, места, где ты родился, никогда не обходи. 5. Торғай екеш торғай да өз ұясын қорғайды. Воробей и тот своё гнездо охраняет.
Анасы дүкенге жіберген Марат, сатушыдан сұрады:
- "Мына ойыншық қанша тұрады?"
Сатушы:
- "Жеті жүз елу теңге" деп жауап берді
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. "Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап. Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады. Достар, "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22405/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз