Полиглот
Қазіргі уақытта көп тіл білу - өмір талабы. Көп тіл білетін адамды полиглот деп атайды. Жер шарында полиглоттар өте көп. Мысалы атақты ойшыл, ғұлама Әл - Фараби жетпіс тіл білген. Қазақтың ұлы ғалымы, зерттеуші, географ Ш. Уәлиханов араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін білген.
Ағылшын, француз, орыс, испан, араб, қытай тілдері - Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми жұмыс тілдері.Сондықтан әр жасөспірім бір шет тілін меңгеруі міндет.
Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда
өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім
болуы қажет. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс.
Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. Дәрігер болу
үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз
бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді.
Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның
мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам
еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген
шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін
қанат.
Дәрігер
- арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген
ата - бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Сол сөзді
тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген
еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол
бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен
қарайтын, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді
деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай
мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін
жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық
иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.
Әркімнің өз хоббиі бар. Біреуі оқуды, біреуі билегенді жақсы көреді. Ал мен қолөнермен айналысқанды жақсы көремін. Түрлі нәрселерді жасауды жақсы көремін. Мен әр жыл сайын Жаңа жылға гүл тізбектер, әшекейлер және сыйлықтар жасаймын. Одан басқа мен теледидар көруді және әуен тыңдауды жақсы көремін. Мен өз хоббиімді жақсы көремін.
1)мақ,мек,пақ,пек,бақ,бек+шы,ші+ болып М:Ол оқымақшы болып, мектепке келді.
2)тұйық етістік+үшін
3)үш райдың біреуі+деп
Үлгі: Мен жазда өзенде көп шомылдым