Жол- антоним жолсыз
Жол-соқпақ синоним
<span>Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Қазіргі жастық шақ – адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шұбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз тұсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе, уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт - адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады. Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің? Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер
</span>
Атау қасық
Ілік қасықтың
Барыс қасыққа
Табыс қасықты
Жатыс қасықта
Шығыс қасықтан
Көмектес қасықпен
Атау шанышқы
Ілік шанышқының
Барыс Шанышқыға
Табыс шанышқыны
Жатыс шанышқыда
Шығыс шанышқыдан
Көмектес шанышқымен
Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шаршы шақырымнан асады. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал Солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань (Ереңқабырға) шыңдарына дейін созылып жатыр. Қазақстан жерінің өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды, біркелкі емес. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өседі. Бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық, әрі құрғақ болады. Бірақ ол аймақтың байлығы-тау өзендерінің мол суы.
Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда жауын-шашын мол, жазы да ыстық емес.
Қазақстанда ауыр индустрия мен ауыл шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Республикамыз мәдениеті мен ғылымы қатар өркендеген өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылып келеді.