Сая ұятты қыз. Ол өте əдепті. Үлкен кісілерге құрметпен қарап сыйлайды. Қариялар оған риза.
Колдану глаг,скл:1 н.ф. колдовать что сделаю?
Ответ:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Қазақстан елінің дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев өте көреген, ақылды, әділ, әр қадамын аңдып басатын айбарлы адам. Ол 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүние есігін ашқан. Ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- елбасы болып сайланған соң, қазақ халқы тәуелсіздік алды. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса- тұрса ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Бар уайымы, халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмау болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналар жолында, не қилы қиындықтар кезінде халқын қолдап, рух-жігерін көтерді. Қазақ халқының құлаған іргесін қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда, елбасымыз бар күш-жігерін елінің аяғына нық тұруына бағыттады. Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Мысал келтірер болсақ, байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді.
Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанын мақтанышпен айта аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтауға тұрарлық. Қазақ елінде 17 млн-нан астамдай халық тұрады. Оның ішінде көптеген өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктер де мойындаған. Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.