Табалдырық – қазақта қасиетті ұғым. Ол үйдің сырты мен ішінің шекарасы, босағаның мықты болуының кепілі ғана емес, құт пен кедейліктің де шекарасы. Табалдырық – бақ пен сордың қарауылы екен. «Табалдырықты баспа, құт қашады», «Табалдырықта тұрма, ырысыңды бөгейсің», «Табалдырықты керіп, кедейлікті шақырма» деген мәтелдер таза қазақы ұғым сияқты көрінетін. Сөйтсем мұның да төркіні пайғамбарлардың рауаяты болып шықты.
Табалдырық – құттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса – жұтайсың, құтты адам аттаса – құтаясың. Ал табалдырықты аттағанда, аттағанда не құт, не жұт әкелетін кім? Әрине, әйел. Келіні табалдырығынан аттағанда шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен «Бісмілла!» – деп кіргізетін қазақы ырымның алғашқы жорасы Ибраһим пайғамбардың тұсында ишара етіліпті.
Құрылысшылар
Менің әкем құрылысшы болып жұмыс істейді. Күнде таңертең жұмысына барады. Зәулім үйлер, ғимараттар салады. Қазір әкем құрылыс басшысымен салынатын ғимараттың жоспарын талқылауда. Әкем салған ғимараттарға қарап қызығамын. Менде өскенде әкем сияқты үлкен үйлер салсам деп армандаймын. Әкем нағыз еңбекқор адам.
Үйде таза бәтеңке тұрады.Сонда лас бәтеңке кіріп келеді.
-Ее, мынау кім?Өзі сондай лас екен!
-Мен бәтеңкемін.Иә,мен сондай ласпын.Себебі мен жұмыс жасап келе жатырмын.Сен сияқты жарқырап бір орында тұрған жоқпын.
-Сен маған айтып тұрсыңба?Мені тойларда, мерекелерде, керемет жерлерге үстіндегі әдемі киімдерімен киіп барады.Ал сені жұмыс жасағанда лас қылып киеді.
-Сені анда-санда киеді, ал мені күнде киеді.Өйткені күнде жұмыс жасайды.
Осылай екеуі ұрсысып жатқанда бәтеңкелердің иесі кіріп келеді.Сосын таза бәтеңкені бір қуысқа тастайды да лас бәтеңкені киіп кетеді.
Көп күн өткеннен кейін лас бәтеңке мен таза бәтеңке бір-бірін көреді.
-Сәлем, лас бәтеңке, өзің жыртылып тозып қалыпсың ғой.
-Иә, сен де қуыста бірнеше күн жатып ескіріп кетіпсің
-Дұрыс айтасың!Сенен кешірім сұраймын.
-Мен де!
Осылай екі бәтеңке достасыпты.
Үй жануарлары:мысық,ит,тауық,үй қояны,сиыр,қой жəне т.б.
Аңдар:қасқыр,түлкі,қоян,аю,жолбарыс,қолтырауын,тиын жəне т.б.
Құстар:бозтоғай,қарлығаш,көгершін,тотықұс,торғай,сауысқан,қарүа жəне т.б.
Жəндік:көбелек,өрмекші,қоңыз,шыбын,құмырсқа,ара,шегіртке және т.б.