Үш тұғырлы тіл
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.
Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.
Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дұниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, терең қалай терең ойлап айтқан десеңші...!
Қазақ – жаратылысынан жауынгер халық. Тумысынан сағы сынып көрмеген, жасу мен жасқаншақтықты білмейтін өжет халық. Мұндай қасиетті текті халықтың бойына табиғат сыйлаған. Тамырын тереңнен тартқан тектілік атам түркі дәуірінен басталып жатыр.
Тарихын тасқа жазған халықтың күлтегін, Тоныкөк сияқты ұлдары, атам түркі жұртының бөрілі байрағын бөріктісіне ұстатып, қас дұшпанына иілмей өткені әлемге аян. Осындай өрліктің жалыны он бесінші ғасырда Қыпшақ даласынан бізге жеткен «Ер Тарғын» аңызынан белгілі.
Балтаға бардым тал үшін,
Талды кестім сал үшін...
Еділдің арғы жағында,
Аттанбадым олжа үшін.
Аттанғаным кәуірге,
Атамның ежелгі кегі үшін, - деп Тарғын бабамыз да ерлік пен өрліктің тағылымын осылай жырлап кетті.
Сан ғасырдан бері осы ерліктің легі үзілмей келіп, Ақтамберді, Доспамбет сияқты жыраулар жырының қайнар бастауы болды.
Ақтамберді жыраудың:
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айырылман.
Сыртым – құрым, жүзім – болат,
Тасқа да салсаң майырылман, -деп толғаған рухты жырының тарихи, жасампаз жалғасы – Махамбет.
Еңсегейлі екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі.
Жауырына жазық, мойны ұзын,
Оқ тартарға қолы ұзын.
Дұшпанына келгенде, тартынбай сөйлер асылмын! – деген төкпелі, тегеуірін қатты, тепкісі мықты жолдармен өзінің кім екенін жырдың рухымен-ақ танытып тұрған ақын, бұл – Өтемісұлы Махамбет.
Махамбет – өзіне дейінгі қазақтың өрен мінезді жырының мектебін шебер пайдалана отырып, ұлттық өлеңіміздің өнбойына ерлік жырының ерекше үлгісін жасаған реформатор ақын. Оның «Ереуіл атқа ер салмай», «Қызғыш құс», «Соғыс», «тарланым», «Айныман», «Мен едім...» т.б. өлеңдері – қазақ даласындағы жауынгер рухтағы жырлардың жалғасы.
Мен, мен едім, мен едім,
Мен нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім? – деген жырдың кәусарына бас қойсаңыз, сана төрінде бірде олай, бірде бұлай бұлқынған, жағаласар жауын көргенде хас батырдай жұлқынған ақынның өршіл рухын көз алдымызға елестетеміз.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен;
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Аспандап ұшқан қызғыш құс,
Сені көлден айырған –
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған –
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып-айтпай не керек?!
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!!!
Міне, осынау жырдың төрінде жеке бастың қамы емес, қазақтың сайын сахарасына жатжұрттық билеп-төстеушілердің емін-еркін еніп, кешегі ата-баба осы ен жайлаған даланың озбырлық пен отаршылдық шеңгеліне түсіп, қиналған сәтін, қамыққан тұсын, аушы-ызасы, нала-мұңы, заруы-торығуы қатар жатқанын аңғарамыз.
Махамбет өз жырында ерлікті болашақ ұрпаққа кеңінен көсіле жырлайды.
Туған ұлдай не пайда?
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса! – дейді ұлы ақын. Бұл ойдан шығатын түйін: атаңның жолын қу, жаныңа ерлікті серік ет, еліңе пана бол.
Ал, «Әй, Махамбет жолдасым» өлеңіндегі:
... Үйде отырсам да өлем деп,
Қорлықта жүрген халқыма
Бостандық алып берем деп, - деген жебелі жыр ұшқынынан оның ерлікті, елдікті, бостандықты аңсағанын көреміз. Мұндай өресі биік ой – Махамбетке тән құбылыс.
Махамбет – ел үшін еңіреп өткен алаштың ардақты азаматы. Сан жылдар елінің еркіндігі мен бостандық жолындағы табанды күресімен, ел үшін атқарған игілікті ісімен тарихта атқы қалды. Қараой топырағында Ықылас қолынан абайсызда қаза тапқан ұлы тұлғаның жанкештілігін тебіренбей еске ала алмайсың... міне, ұлы ақын, өжет батырдың туғанына 210 жыл өтсе де,оның еліне сіңірген еңбегін тарих-абыз ұмытпады.
Ол қас дұшпанына қарсы білеткің күшімен, найзаның ұшымен де шайқасты, одан қалса, қанатты қауырсын қаламды қару етті.
Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Теңдікті, малды бермедік, - деп, Махамбет елі мен жері, теңдік үшін шайқасқанын тебірене жырлады. Бұл – ұрпаққа өнегелі, тағылымы мол, ұлы жыр!
Алаш жұртының арғы-бергі аламан жырларының арасынан шоқтығы оқшау көрінер, ұлт өлеңінің қайталанбас үлгілері – Махамбеттің жебелі жырлары. Елдік пен ерлікті жауынгерлік рухта жырлай отырып, дәуір шындығын айнадай ғып көрсетер, айғақтап айтар ұлы жырларға қалай ғана бас имейсің?!
Ұлы жырға бас ию – ұлт тағылымының ұлы қайнарларына бас ию! Ұлы қайнарларға бас ию – ұлт Рухына бас ию!
Махамбет жыры – ұлттық ой мен танымның тамырын тереңдетіп, рухымыздың абырой, беделін аспандатар ұлы құдірет. Елі мен жерінің азаматтығы үшін алысып, қаһарлы сөзімен, қайсар мінезімен туған халқын ардақтап өткен ұлы перзентінің есімін ұлы жұрты да алақанына сап аялауда.
Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім, -
Жандаспай ақыры бір тынбан, - деп құдіретті үнімен тіл қататын ақынның жебелі жырының Рухы ұрпақ санасынан мәңгілікке өшпейді.
Махамбет – қазақ ұлтының отаршылдық заманында елінің елдігімен бостандығы үшін жанын қиған батыры, қазақтың ұлы тұлғасы. Оның елі үшін атқарған игілікті ісі .
Туған өлкемнің тұныптұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құйады. Тау етегіндегіқуыстарды қуалай өскен буталы орманы, тау суын сарқырата кең далағаалып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлікмалға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махббат сезіміне бөлейді. Қасиетті, туған жер! Бойымдағы бар жақсы қасиеттерімүшін мен саған қарызармын, қажырлық пен қайсарлықты, құзды шыңды тауың мен асау желің үйретсе, жомарттық пен ақ пейіндікті мына жатқан жеміс талы сай-самаңнан үйрендім. Шыдамдылық пен байсалдықты шетсіз де шексіз далаңнан үйрендім. Осынша сұлұлыққа бөленуіне қандай себеп, әсер етуші қандай күш деп толғанамын, ойлана келіп тау қуысындағы әрбір бұтаның, өзенге күлерәрбір бұлақ көзінің теңіздей тербелген егістегі дән сабағының, жайлауыңдағы әрбір шалдың, ауылдағы әрбір жеміс ағашының бойында адамның жұмсаған күкі-жігерін, төгелгентері – еңбектен жазылған шежіресі барлығын ұғамын. Туған жерім – алтын бесігім деп туған елдікөркейтуде аянбай тер төккен еліміздің перзенттерінің еңбегіне сүйеніп, өзің де солардың қатарында болғың келеді. Осынау күн сәулеулі нұрын шашқан кең байтақ даламда жузден астам ұлт өкілдері тұрады.Халқымның ерлігі – еңбекте, арманы - әнінде, қуанышы – күйінде, бақыты – бауырмандығында, жасампаздығы – жарқын істерінде дептүсінемін. Елімнің тарихында бұрын соңды блмаған саясы,әлеуметтік, мәдени-тарихи жетістітердің бірінен соң біріне қолжеткізіп жатыр. Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Ол дүние жүзінің көптеген елдері мен достық байланыс орнатты. ТМД, БҰҰ ұғымдарынамүше болып, дүниежүзілік қауымдастықтан өз орын алды. Еліміз үшін жиырмасыншы ғасырдың маңызы зор. Себебі еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Өзіміздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихимызды көрсететін рәміздерімізді белгіледік. Еліміздің елдігін танытатын белгілерінің ішінде – Мемлекеттік Тудың, Елтаңбаның, Әнұраның жөні бөлек.1998 жылы 10 масымкүні жаңа Астана дүние жүзіне таныстырылды. Бугін де әлем назарын өзіне аударып, келешегін қызықтырып отырған Қазақстанның әр күні, айы, жылы жағымды жаңалыққа толы. Қиын мезгілде бейбіт өмір сүріп жатқан қазақстандықтар Нұрсұлтан ағамыздыңұстанған саясатын толық қолдайды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші бізде ол кісінің жүргізіп жатқан ісін қуаттаймыз. Біздер жастар, қазақ елінің ертеңіміз Бірінші ұланғайыр жұмыстарды біз жалғастыратын боламыз. Соңдықтан да менің құрбыларымөте жақсы оқып, білімді болып ер жетуі тиіс. Мен осы Қазақстанымның болашағы зор екеніне сенемін, өйткені біздің елімізде татулық та, достық та, байлық та бар. Тек қанаіскер жандар мен білімді азаматтар керек деп ойлаймын. Мен өзімнің кең-байтақ Қазақстанымды сүйемін. Адам асқар арманынахалқын, тілін, Отанынтуған жерін шынайы сүйсе ғанақолын жеткізе алады. Ендеше, мен бақыттымын. Қазақ жастары алаңсызөмірсүруі үшін ең керегі – бейбітішілік. Біз осы тәуелсіздігімізді аңсап, зоғып зорға жеттік. Сондықтан да тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз,қастерлеуіміз керек. Бұл – біздің туған ел алдындағы перзенттік борышымыз. Көгілдіраспанымызды соғыстың бұлты торламай, осыдан жарты ғасыр бурын адамзат баласына жасалған қатыгездік қайталанбай халқымыз азат, еркін,бейбіт өмір келсе екен. Көрші елдердегі ел басына түскен ауыртпашылық, соғыс зардабы бізге келмесе екен. Біздің қазақ елі аяғынан тік тұрып, гүлденіп көркейтіп, біз сенілді жастар елінің кекркгіне жарап, кірпіш болыпқаланса деп армандаймын. Сол асқақ арман мені әлдилеп алға жетелеп келеді.
<span />
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі.