Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер (Ыбырай Алтынсарин) Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды. Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата - ана үлгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
ШЫлаулар-сөз бен сөздердің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру,құрастыру үшін қолданылатын,өздері тіркескен сөздердің ұғымдарын әр қилы реңктер үстеп,оларға ортақтасып,тұлға жағынан тиянақтанған лексикалық-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Түрлері-септеуліктер,жалғаулықтар,демеуліктер
Атамның сүйікті ісі газет оқу Əжемнің сүйікті ісі көрпе тоқу Əкеменің сүйікті ісі теледидар көру Анамның сүйікті ісі тамақ пісіру Ағамның сүйікті ісі спортпен шұғылдану Əпкемнің сүйікті ісі анама көмектесу Інімнің сүйікті ісі ойыншық ойнау Қарындасымның (сіңілімнің) сүйікті ісі сурет салу
Мен бұл мәтінді оқығанда қатты таңғалдым. 2018 2021 жылдары қатты ыстықтың елімізге зияны төнуі мүмкін екен. Күн ысылған сайын адам агрессивтті болады және қатты ыстық адамның денсаулығына әсер етеді. Ормандар өртенсе экология да бұзылады.
Жіктік жалғауы мен баламын. біз баламыз сен баласың. сендер баласыңдар сіз баласыз. сіздер баласыздар ол бала. олар бала тəуелдік жалғауы менің балам. біздің баламыз сенің балаң. сендердің балаларың сіздің балаңыз. сіздердің балаларыңыз олардың баласы. олардың баласы