Менің қаламым
сенің қаламың
сіздің қаламыңыз
оның қаламы
Жазғы демалыста мен атам мен әжеме барамын. Олар ауылда тұрады.Ауылда мен қой бағамын,суға шомыламын,күнге күйемін,атама әжеме көмектесемін.
Кейде тауға шығамын, санырау–құлақ жинаймын.Кешке ауылда балалармен ойнаймын.
-Сәлем Анар?
-Сәлем Дана
-Дана сен Көкшетау қаласында барып көрдің бе?
-Ия барып көрдім
-Дана Көкшетауда қандай жерлер бар екен?
-Ол жерде Бурабай, Оқжетпес деген жерлер бар
-Маған Көкшетаудың ауасы қатты ұнады!
-Рахмет, келесі кездескенше!
-Саубол!
♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.
Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!