Алматы бұл өте
үлкен қала. Ол жерде әртүрлі ұлт өкілдері ынтымақ және бейбітшілігі бар қалада
тұрып жатыр. Алматы Қазақстанның ең үлкен қалаларының бірі.Алматы өте сұлу, әдемі
қала, Алматы тауларын еш таумен салыстыра алмайсың. Алматыда Медеу мұз айдыны
бар. Көп адамдар сонда болуды армагдайды. Алматыда көп бау-бақшалар және
парктер, неше түрлі ескерткіштер көп. Мен өзим әлі де Алматыға барған емеспін,
бірақ мен қатты барғым келеді.
Мен анамды өте жақсы көремін.Ол мені бала кезімнен тәрбиелеп,көпке үйреткен.Егер анамның көңіл-күйі болмаса,жұбатамын.Менің анам-өте жақсы адам,мейірімі көп.Егер мен Алла Тағала болсам,анама көп ақша,бақыт және үп-үлкен үй сыйлаушы едім.Мен анамды жанымдай жақсы көремін.Оны әрдайым жүрегімде ұстаймын.Анам мені тастамағанына мың да бір рахмет айтамын.
Человек в возрасте, что гласит: кто не научился , вырос удивлен, его нет.Наоборот, есть и хорошее воспитание.Ловушка ноги человека.
Асыл ана
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
Ұрпаққа бақыт сыйлаған
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,
Тіршіліктің тынысы мен ажары
деп өз ойымды білдіргім келеді.
Өмірдегі тірегім
Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, -
дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
<span>Адам “адам” болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек.</span>