Ответ:1 задания 1. Менің ойымша, Ұлы Жібек жолының ерекше маңызы болды. Ұлы Жібек жолы тек тұтыну тауарларын ғана жеткізіп қойған жоқ, сонымен қатар ол рухани мәдениеттің тірегіне айналды. Ол әсіресе музыка, би өнерінде ерекше байқалады. Ұлы Жібек жолының ең ұзақ бөлігі Орта Азия мен Қазақстан территориясы арқылы өтті.
2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін: сол кезде сауда – саттық жақсы дамып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Адамдар, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық – түлік және басқа да заттармен алмасты.
3. Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын: Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар саяси, экономикалық, мәдени жағынан дамыды. Мысалы, сол тұста Тараз қаласы «саудагерлер қаласы» деп аталды. Себебі Тараздың жүрегі – мешіттеру, керуен сарайлары, наубайханалары мен шеберханалары сауда жолында орналасқан болатын.
4. Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: Ұлы Жібек жолы - дүниежүзілік өркениет тарихының басты жетістіктерінің бірі. Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығысты байланыстырған трансконтинентальды трасса болады
Мүшәйра - ежелден қазақ жыршылық өнерінің қайнар көзі. Халық өз арасынан болашақ би-шешендерін осындай сындар арқылы талантын шыңдап, озық ойлысын марапаттап отырған. Осындай мақсатпен үстіміздегі жылғы қазан айының ортасынан бастау алған көсемсөз сайысы 2011 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Жазушылар Одағының мәжіліс залында мәреге жетті.
«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» аттыРеспубликалық жыр-мүшәйраның ақтық сынына көрермен өте көп жиналды. Бұл мүшәйраның басты тақырыбы әрі ерекшелігі - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Тәуелсіздік қарлығашы - Желтоқсан көтерілісінің бағасы мен маңызы ашып көрсету болды.
1986 жылғы 16-18 желтоқсандағы қазақ жастарының көтерілісі - қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы сан ғасырлық күрестің ең нәтижелі де салмақтысы болды. Дәл осы күндер, қазақ халқының егемендігін еңсеруде, тәуелсіздігін өз тұғырына қондыру жолында темірқазық болды және өз намысын ешбір жанға ешқашанда таптатпайтынын дәлелдеді. Желтоқсанның ызғары Алматыдан бастау алып, сол кездегі Қазақ КСР-нің облыс, аудан, ауыл жастарының, көрші өзге де мемлекеттер жастарының қолдауына ие болды. Бұл КСРО-ның тоталитарлық режиміне, аз ұлттарды жоюға бағытталған жымысқы саясатына қарсы ең алғашқы ашық қарсылық әрі билікке соққы болғанын айту парыз. Себебі, осы оқиға Бакуде, Вильнюсте, Тбилисиде, Мәскеуде және өзге де ірі қалалардағы толқуларға ұласып, соңында алып тоталитарлық империяның құлауына алып келді. Тарихи мәні мен геосаяси жағынан алғанда «желтоқсандықтар» көтерілісі, 1956 жылғы Будапешт оқиғасы, 1968 жылғы Пражск көктеміне ұқсастығы бар. Сондықтан да бұл көтеріліс тек қазақ жастарының ғана емес, қазақстанды мекен еткен өзге де ұлт өкілдерінің еркіндігіне алып келген ортақ жеңіс. Еркіндік, теңдік, сыйластыққа негізделген бірнеше жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына түрткі болды.
Бүгінде Қазақстан - мықты әлеуетті, ұлттық экономикасы мен өз азаматының әл-ауқаты дамуы үшін мүмкіндігі бар әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі. Жоғарыда айтылған тарих жылнамасы мен оқиғалар желісі мүшәйраға қатысушы үміткерлердің өлеңдеріне арқау болды. Шараның ұйымдастырушылары болып «Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Тарихи әділеттілік» Республикалық қоғамдық комитеті шықты.
Байқауға 2011 жылдың 20 қазаны мен 20 қарашасы аралығында елімізден және көрші мемелекеттерден 100-дің үстінде шығармалар қабылданды. Қатысатын ақындардың жасына шек қойылмады. Мүшәйраға бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданды.
Мүшәйраның қазылар алқасына елге танымал белгілі мәдениет саласының өкілдері Бақытжан Момышұлы, Темірхан Медетбек, Ибрагим Исаев, Қазыбек Иса, Айдос Сарым және Ғабиден Жәкеев кіріп, жеңімпаздардың есімін жария етті.
Қаздын не? Зат есім артық қандай ұра жыра қайла қамыт
Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б.
Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, <span>күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, ел құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.</span>
Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.
Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз.
Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.
Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.
<span><span>
</span></span>