Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантйзм)орыс. согласные звуки — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. [1] Дауыссыз дыбыстардыайтқанда көмейде кедергіге ұшырмағанфонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялықмүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, (у),Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, чдауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.[2]
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:
Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үнтең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң.
Екі еріннің бір-біріне жабыса тиісуі арқылы жасалатын м, б, п еріндік дауыссыздар (огубленные согласные) деп аталады. Жіңішке дауыссыздар (мягкие согласные) — сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстардың көрші жінішке дауыстылармен үндесіп жінішкеруі (сыз — сіз, тұз — түз). Жуан дауыссыздар(твёрдые согласные)— тілдін орта тұсынын қатты тандайға көтерілмеуінентембрі (әуені) темен, қатаң айтылатын дауыссыздар.[3]
Сәлем – сөздің анасы» деп қазақ бекер айтпаған. Алайда осы сөздің мән-мағынасын түсінбейтіндер арамызда көп-ау. Берген сәлеміңді алмай, сені көрсе де, көрмегендей қалыпта дәл қасыңыздан өте шығатындарға келесіде сәлемдескің келмейді-ақ. Бірақ келесі жолы да ондай кісілермен амандасасыз. Әйтеуір сіз сәлемдесуден айнымайсыз. Мұныңыз өте дұрыс. Діни кітаптарда да мұсылман мұсылманмен сәлемдесуі міндетті екені айтылады. Бұл – пайғамбарымыздан қалған сүннет.
Бірін-бірі танитын кісілер нәсіліне, дініне қарамастан амандасуы қажет. Өйткені олар, ең алдымен, ақыл иелері және бір-біріне бөтен емес.
Сондықтан сәлемдесу – адамдар арасындағы қарым-қатынасты жалғастырар ең басты тілдік құрал. Алайда ауыз толтырып «Алланың нұры жаусын!» деп, яки «Ассалаумағалейкум» деп сәлемдесіп, оған «Сізге де Алланың нұры жаусын!» деп жауап қатуға тиіс. Өз бауырларымыздың кейбірі ата дәстүрді бұзып, әлі күнге басқаша амандасады.
Өздеріңіз бірін-бірі көргенде беттерінен, тіпті еріндерінен сүйіп сәлемдесетін бойжеткендерді көріп жүрсіздер ғой. Міне, тап сол секілді ерлер де қол алысып амандасуды, тіпті төс түйістіргенді азсынып, енді бір-бірінің беттерінен «шөпілдетіп» сүюге кірісіпті. Әсіресе, мұндай келеңсіз құбылысқа икемділер ел білетін, азды-көпті лауазым иелері екені тіптен қызық. Ұлттың зиялысы болуға жарайтын, көпшілік «бұл бала билікке бір табан жақын жүретін азамат қой» деп қарайтын, костюм киіп, галстук тағып шікірейгендеріміздің кез келген жерде, көбіне қоғамдық жерлерде, кісі көп жиылған орындарда шұрқырасып, алма-кезек беттерін «былшылдатып» сүйісіп жатқанын көргенде өзің де қысылып қаласың.
«Өзі ұялмаған – өзгенің бетін шиедей қылады» деген – осы. Сәлемдесуді осындай деңгейге дейін түсіріп жүргендердікі білместіктен дейін десең, зіңгіттей, білімді адамдар. Бұлардыкі әлде жағымпаздық па? Екеуі де сияқты. Оңаша кабинеттерінде кездескенде солай амандасып жүретін болса керек. Сірә, жүре-бара жұрт көзінше де солай амандасуға көшкен.
Әрине, ұзақ уақыт көрмеген жағдайда балаларды, ұл-қыздарыңды, немере-шөберелеріңді бетінен, маңдайынан иіскеп, сүйіп, елжіреудің сөкеттігі жоқ.
Көпшілік бас қосқан жерде ортақ сәлем бергеннен кейін, жекелеп амандасу – басы артық әрекет. Әдетте жасы кіші – үлкенге, жеке – жалпыға, аттылы – жаяуға, басшылар бұқараға бұрын сәлем беруі – міндет.
Мен аудармашы болғым келеді. Бұл қызықты және пайдалы мамандық. Мен ағылшын тілін үйренуге ұнатамын және ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің туралы көбірек білу келеді. Мен әр түрлі елдер мен шетелдік мәдениеттер туралы кітаптар оқып ұнайды. Менің сүйікті жазушылар - Уильям Шекспир, Джек Лондон және Марк Твен. Шетелдіктер, біз секілді ойлап, әрекет емес. олардың өмір салты біздікінен өте әр түрлі болып табылады. Бұл сонау жұмбақ ел. Мен адамдардың өмір сүреді қалай білгім. Мен әр түрлі ұлттар мен мәдениеттердің көптеген адамдармен танысуға келеді, себебі Мен, аудармашы болғым келеді. Сонымен қатар, бұл жұмыс өте пайдалы. Әрине, ол адамдар бір-бірін жақсы түсінуге көмектеседі. Енді менің мақсатым - сіздің жақсартады айтылу және олардың сөздік қорын байыту мақсатында қатты оқуға.