Та - жатыс септігінің жұрнағы
Досым -сәлем досым!
Мен - сәлем !
Досым - электронды кітапхана жайлы білесің бе?
Мен -білмін
Досым- онда мекен-жайын айтшы?
Мен- жарайды мекен -жайы Абай Құнанбаев атындағы 54 кітапхана.
Досым - Рахмет сау бол!
Мен- оқасы жоқ сау бол!
Ержанның жаңа "досы".
Ержан асыға күткен туған күніне ата-анасы компьютер алып берді.Бөлмеден орын бөліп,үстелі мен керекті құрал-жабдықтарын да дайындап берген еді.Ержанның қуанышында шек жоқ.Жасы бар болғаны сегізде бола тұрса да,өте алғыр,зерек.Оқуда озат.Домбыра үйірмесіне қатысып,байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жақындарын бір марқайтқан.Енді бөлмесінен орын тепкен жаңа жансыз "досы" оған қалай әсер етеді екен?Белгісіз.Ата-анасы да бұл компьютердің пайдасымен бірге зияны да болатынын тамаша білген еді.Бірақ балаларының соңғы кездегі құлшыныстарына,кішкентай жеңістеріне көз жұма алмағандықтан,көптен қалап жүрген сыйлығын алып берді.Ендігінің бәрі Ержанға байланысты ғой.
<em>Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді. Біздің сыныптағы Дастан мектептегі барлық шараларда «Біз бақытты балалар» әнімен танымал болса, Залқар бишілік өнерімен Республика көлеміндегі сайыстарға қатысып, өзінің сүйікті билерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүр.Анель де екі жылдан бері мектептегі «Эстрада жұлдыздары» үйірмесіне қатысып, мектепішілік концерттерде ән айтса, Адина «Жас толқын» би үйірмесінің белсенді мүшесі. Қолөнерге қызығатын оқушыларымыз да аз емес. Бұлар біздің сыныптың мақтаныштары. Мен өз сыныптастарыммен мақтанамын. Олардың келешекте елімізге қызмет ететін азамат болатынына сенімім мол. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ» деп халқымыз тегін айтпаған болар.</em>
Өйткені,сондықтан(сөйлемдерді байланыстырып,дəлелдеп тұр)