ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ДАМ 15 БАЛОВ В ТЕЧЕНИИ 45 МИН Лексико-грамматический блок Инструкция: «Вам предлагаются задания с одним прав
ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ДАМ 15 БАЛОВ В ТЕЧЕНИИ 45 МИН
Лексико-грамматический блок
Инструкция: «Вам предлагаются задания с одним правильным ответом из пяти предложенных».
1. Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Мағыналары жақын сөздер.
B) Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер.
C) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
D) Заттың сынын білдіретін сөздер.
E) Заттың атын білдіретін сөздер.
2. Антонимдерді анықтаңыз.
A) астында-үстінде
B) ақ-сары
C) мейірімді-батыр
D) салмақты-қатты
E) адал-ержүрек
3. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстардан басталған сөздер қатарын анықтаңыз.
A) ескерткіш, аңыз, қамыс
B) жібек, қызмет, гауһар
C) ежелгі, кездесу, жинақ
D) қаймақ, заман, нағыз
E) зерек, қымбат, бейбітшілік
4. Буын түрлерін белгілеңіз.
A) Ашық, жабық, тұйық
B) Сапалық, қатыстық, негізгі
C) Ашық, бітеу, тұйық
D) Ашық, қысаң, езулік
E) Осы, келер, өткен
5. “Түбір” сөзінің орысша баламасын анықтаңыз.
A) Корень.
B) Производный.
C) Суффикс.
D) Непроизводный.
E) Окончание.
6. Туынды түбірлі етістіктерді анықтаңыз.
A) Қалың, жұқа.
B) Түне, сана.
C) Түндік, сандық.
D) Ал, көр.
E) Қойшы, қой.
7. Етістіктің рай атауын көрсетіңіз.
A) Қысаң.
B) Келер.
C) Болымды.
D) Қалау.
E) Өткен.
8. Есептік сан есімді табыңыз.
A) Алпыстарда.
B) Екі мың он бес.
C) Жүз бесінші.
D) Бесеу.
E) Жетпіске жуық
9. Бағыныңқы және басыңқы сөйлемнен тұратын құрмаластың түрін анықтаңыз.
A) Салалас құрмалас сөйлем.
B) Сабақтас құрмалас сөйлем.
C) Ыңғайластық.
D) Талғаулы.
E) Түсіндірмелі.
10. Баяндауыштың сөйлемдегі орнын көрсетіңіз.
A) Етістіктен соң.
B) Зат есімнің алдында.
C) Сөйлемнің басында.
D) Сөйлемнің соңында.
E) Сөйлемнің ортасында.
11. Отбасы тақырыбындағы мақал-мәтелді белгілеңіз.
A) Еңбек түбі – береке, көптің түбі – мереке.
B) Мектеп – кеме, білім – теңіз.
C) Төзім мен еңбек бәрін де жеңбек.
D) Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.
E) Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер.
12. Ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Ай, ас, мал.
B) Үлкен, ұзын, қызық.
C) Аспан, жайлау, жер.
D) Орман, тоғай, күз.
E) Дала, жаға, сары.
13. Түбірлес сөздерді табыңыз.
A) Көргіш, көріс.
B) Шар, шаршы.
C) Кесе, кесек.
D) Жүз, жүзік.
E) Шешен, шеше.
14. Күрделі етістігі бар сөйлемді табыңыз.
A) Боран соға бастады.
B) Олар су әкелді.
C) Көктем ерте келді.
D) Ағаш көктеді.
E) Қар жапалақтап жауды.
15. Тәуелденіп септелген сөзді табыңыз.
A) Орманға.
B) Баласын.
C) Дәріханалар.
D) Көбелек.
E) Ағамдар.
16. Күрделі бастауышты көрсетіңіз.
A) Жаңбыр құйып кетті.
B) Күн жылынды.
C) Оқушылар мектептен қайтты.
D) Өтеген он төрт жаста.
E) Астана қаласы – Қазақстанның бас қаласы.
17. Қаратпа сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Жарайсыңдар, жігіттер!
B) Шіркін, ақын болсаң осындай бол!
C) Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой!
D) Сізде, рас, жұмысым бар еді.
E) Әрине, оның айтқаны дұрыс.
18. Антоним жоқ мақал-мәтелді белгілеңіз.
A) Жұмсақ төсеп, қатты ұйықта.
B) Досыңды алдынан, жауыңды соңынан көр.
C) Ойын – арзан, білім – қымбат.
D) Оқыған ұл атасынан да үлкен.
E) Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама.
19. Сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұрған жалпылау есімдігін табыңыз.
A) Бірнеше модель жасалды.
B) Өлеңге әркімнің де бар таласы.
C) Елдің тілегі мен бірлігі ортақ.
D) Барша халық тыныштықты сүйеді.
E) Барлығына талап бірдей.
20. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Жаңбыр жауғанда, ол үйден шыға алмады.
B) Біз серуеннен келдік.
C) Мұғалім айтқанда, ол шығарма жазды.
D) Ол киім сатып алу үшін, дүкенге келді.
E) Сабақ ерте басталғандықтан, ерте бітті.