Отит
Өзінің құрылысына қарай ересектерге қарағанда, балалар құлағы осы ауруды тез қабылдағыш болады. Негізінен суық тию аурулары кезінде пайда болады, құлағы қышиды, тамаққа тәбеті жоғалады, дене қызуы жоғарылайды.
Ангина
Ангинаның 2 түрі бар: суық тиюден және инфекциядан пайда болған. Екінші түрі өте қауіпті және антибиотиксіз емделуге болмайды. Симптомдары: тамақтың ауруы, дене қызуы, жұтынудың қиындығы.
Ларингит
Тамақтың қарлығуы және жөтел – осы аурудың негізгі симптомдары. Себебі – вирустық инфекция, оны тек дәрігердің қатаң бақылауымен емдеу қажет.
Гайморит
Мұрыннан су ағу салдарынан пайда болады. Оның негізгі симптомлары: мұрыннан іріңді сұйықтықтың ағуы, бас ауруы. Сонымен қатар басты еңкейткенде, жөтелде ауырсыну ұлғая түседі.Мұрны бітіп, сөйлеудің өзі қиындайды. Егер оны жер кезінде емдеп жазбаса, созылмалы иүріне ауысады.
Желшешек (ветрянка)
Денесіне бөртпелер шығып ол өсіп,оның іші мөлдір сұйыққа толып, жарылады. Желшешекпен бала кезінде ауырып кеткені дұрыс екенін бәрі де біледі, себебі одан тез жазылуға болады. Бұл шынымен де солай, ауырған жағдайда тұрақты иммунитет қалыптасады, сондықтан қайталап ауыру мүмкін емес.
Көкжөтел (коклюш)
Ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру. Ұстама тәрізді тырысулық жөтелмен байқалады. Бастапқы кезеңде бұл ауруды антибиотиктермен емдейді.
Қызылша (корь)
Бұл ауру жиі кездеспейді, себебі жоспарлы түрде екпе жасалады. Егер екпені уақытында алмасағ ауыру мүмкіндігі жоғары болады. Симптомдары: дене қызуының бірден көтерілуі, ринит, жөтел. Содан кейін денесіне бөртпелер шығып, бірнеше аптадан кейін жазыла бастайды. Бұл аурудың қауіпті болу себебі, өкпе немесе қандай да бір басқа ағза қабынуы мүмкін.
Аурулардың алдын алу
Балалар ауруларының алдын алу шаралары өте көп. Егер соның барлығын пайдаланатын болсаңыз, онда сіздің балаңыздың денсаулығы мықты болатыны сөзсіз.
Вакцинация. Қазіргі уақытта балаларға екпе жасату төңірегінде, оның қауіпсіздігіне байланысты әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Дәрігерлердің пікірі бір жақты — екпені жасату қажет, оларды кең тараған және өте қауіпті түрлі ауруларға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру үшін егеді. Сондықтан егер сіз кейбір ауруларды жұқтыру мүмкіндігінің алдын алғыңыз келсе, сөзсіз екпе жасатыңыз.
Гигиена. Дәретханадан кейін және ас қабылдар алдында баланы міндетті түрде қолын мұқият жууға дағдыландырыңыз. Жемістер мен көкөністерді жеу алдында міндетті түрде жуу қажет. Сонымен қатар қалған тамақты мұқият дайындап, тек қайнаған су ішу керек.Дене шынықтыру және физикалық жаттығулар. Егер бала спортпен шұғылданатын болса, таза ауада ұзақ жүретін болса, онда жақсы физикалық даму әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылықты жоғарылатады. Дұрыс режим және дәрумендерге бай дұрыс тамақтану. Төсек-орын, киім, ойыншық гигиенасы — олар да маңызды құраушылар.
егер қандай да бір себептермен ауруға шалдыққан болсаңыз, онда тез арада дәрігерге қаралыңыз, оның барлық нұсқауларын мұқият орындаңыз. Уақтылы жүргізілген ем — тез сауығудың және жақсы көңіл-күйдің кепілі.