Қолынан бәрі келеді,пысық адамды айтады.
Мен тоғызыншы сыныпта оқимын. Биыл қиын жыл, сондықтан мен есептен, тарихтан және ағылшын тілінен қосымша сабаққа барамын. Ол "Достықта" орналасқан. Есеп менде аптасына төрт рет, тарих пен ағылшын тілі екі реттен. Екінші күндері менде екі тарих, екі есеп, төртінші күндері екі есеп, сенбі күндері екі ағылшын. Мен топта оқимын. Мұғалімдер онда жақсы оқытады, олар көңілді.
Достықта дәл мектептегідей. Сабақ он бесте басталады. Сабақтар қырық бес минуттан болады, бес минуттан үзілістер бар және үй тапсырмасы бар.
Маған "Достыққа" бару ұнайды.
Келешектің мектебі қандай? Бәріміз бірге армандайықшы. Әңгіме мектептің құрылысында, қандай ғимаратта орналасқанында емес. Мектептің негізгі міндеті жайлы, яғни білім беру деңгейі туралы. Мектепте оқысаң да, лицейде оқысаң да, гимназияда оқысаң да бәрібір, білімге құштарлық, білсем деген құлшыныс оқушының өзінде болуы керек. Болашақтың әрбір мектебі терең білім ұясы болса екен. Дегенмен, керісінше болады ма, - деп қорқамын. Себебі, біз қазір ойланғымыз, есте сақтағымыз келмейді, бәріне ерінеміз. Бәрін біз үшін біреу істеп бергенін қалаймыз. Көп оқиық, көп ізденейік, болашақтың мектебінің оқушылары.
Сенің өмір сүретін жерді ластаумаға тырыс.Ішетін суға түкірме.Табиғатты бұзуға болмайды ағаштың бұтағын сындырма.Əсем гүлді жұлма