Медеу музайдыны Алматы облысында орналасқан. медеу музайдыны қазақстанда оте коркем және сүйекті. сол жерде спортшылар жаттығу жасайды. адамдар уақытты қызық өткізеді.
«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді». (Ж.Ысмағұлов.) Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады,орысша кітаптарды көп оқиды. 80-жылдардың орта кезінен бастап, Абай ақындық жолға біржола бет бұрды.Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген. «Дүние де өзі,мал да өзі». Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар,ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.Абай мұнда,ең алдымен,жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді.Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді.Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады. Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын,шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп,сынайды. Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім. Бұл-өткенге құр өкіну емес,келешекте жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай,білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық,ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді.Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі. 1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды.Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған.Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып,адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді. Ғылым таппай мақтанба! Орын таппай баптанба! Құмарланып шаттанба! Ойнап босқа күлуге,- дейді ол.Сөйтіп,ғылымға берілудің,ғалым болудың жолдарын әңгімелейді. Ғылым жолы-әділдік жолы.Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды. Надандарға бой берме, Шын сөзбенен өлсеңіз,- дегенде,ол ғылым үйренетін жастың қараңғы,надан қауымнан өзгеше болуын қалайды. «Интернатта оқып жүр» өлеңінде Абай әлгі ойларына тың пікірлер қосады.Мұнда,сыншылдық басым.Ақын патшалық ел билеу жүйесіне,оқыту тәртібіне сын айтады.Халыққа пайдалы емес,залалды болып шығатын әкімдер мен шалағай төрелердің оқудағы мақсатын көрсетеді. Орыс тілі,жазуы Білсем деген таласы Прошение жазуға Тырысар,келсе шамасы. Ынсапсызға не керек, Істің ақ пен қарасы. Нан таппаймыз демейді, Бүлінсе елдің арасы, …Аз білгенін көпсінсе, Көп қазаққа епсінсе, Кімге тиер панасы? Ақын мұндай мақсатпен ғылым қууды қуаттамайды.Олардың «Иә тілмаш,иә адвокат» болу ниетіне Салтыков пен Толстойды әдейі қарсы қояды.Толстой мен Салтыков-Щедрин сынап,масқаралаған орыс шенеуніктерінің бейнесін олардың есіне салады. Тіл мен теңеу,түр жағынан алғанда да, «Интернатта оқып жүр» өлеңі-жаңалығы бар шығарма.Осы өлеңде Абай «интернат», «военный қызмет», «прошение», «адвокат», «здравомыслящий», «коренной», «счет»,т.б. орыс сөздерін қолданады.Оларды ұйқастыра отырып,еркін пайдаланады және оларды ақын орыс мәдениетін үгіттейтін өлеңге әдейі кіргізген. «Қалың елім,қазағым». Бұл кезде жазған өлеңдерінде Абай озық мәдениетті насихаттаумен қатар,әлеуметтік,азаматтық санасы өскен халықтың үлкен қайраткері дәрежесінде көрінеді.Оның өлеңдерінен еңбекші халық мүддесін қорғаған азаматтың үні естіледі.Өзі билеуші тап ортасынан шықса да,тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты түсінген ол еңбекші шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады.Оларды «елім», «жұртым», «халқым» деп,дос тұта сөйлейді.
Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркітілдес этнос және ұлт. Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi.
Қазақтар Қазақстанмен көршілес Моңғолия (Баян-Өлгей аймағы), Қытай (Іле Қазақ аутономиялық облысы), Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің жерін бірыңғай қоныстаған. Қазақстандағы қазақтар саны 11 млн. адам (2013 ж), әлемде шамасында 16 млн. адам құрайды.
Ұрпағы үшін өмір сүрген халық
Бала мен ұрпақ мәселесі көшпелі жұртышылықтың қашанда назарынан түсіп көрген емес. Ең ұлы адамдардың өздері де балам болса деп армандайды. Бала – келешек өмірдің тірегі. Мұрагері жоқ отбасының болашағы да жоқ. «Адам өзі мың жасамайды, ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. «Балалы үй – Базар, баласыз үй қу мазар» дейтін де мақал бар. Бүкіл тарихи ғұмырын ат үстінде өткізіп неше рет өліп, неше рет тірілген көшпелілер ұрпақ мәселесіне айырықша мән берген. Ақылды да көрікті әрі тәртіпті балаларды тәрбиелеу үшін ата-бабамыз қолдан келгеннің бәрін істеумен болды. Көшпелілердің сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, көк түрік, қыпшақ, арғын, алшын, найман және т.б. бірлестіктері мен ру-тайпалары өздерінің ауызша өлең-жырларында да ең алдымен ұрпақ мәселесін сөз қылып отырған. Фольклорымыз бен ауыз әдебиетіміз педагогикалық ілімге толы. Қай шығарманы алсаңыз да, ананы ардақтау, балаға жан-жақты тәрбиелеу мәселелері көркемдікпен әңгіме болатынын байқайсыз. Ғасырлар бойы жинақталған тәжірибені адамдар арттағы ұрпаққа қалдыруға тырысып отырды. Тіпті ертегілердегі ақ қасқыр, самұрық құс, боз інген сияқты хайуанаттар бейнелерінен де ұрпағы үшін жанын пида ететін ана образын көре аласыз. Біздің ежелгі замандарда өмір сүрген арғы бабаларымыз балаларына не тіледі екен? Қандай мақсат көздеді олар? Заманымыздың көрнекті ғұламасы Әлкей Марғұлан ертедегі ауыз әдебиеті түрлеріне арнаған салиқалы еңбегінде былай деп жазған еді: «Қой бастаған ақ қошқар сенікі болсын. Тікірейген құлағының түбінде қара қалы бар, көзі мөлдіреп, үйірін бастаған ақ боз айғыр сенікі болсын, құлыншағым. Жалы желмен желбіреп, адамдардың үрейін ұшырап келе жатқан қара бура да, оның соңынан ерген түйе келесі де сенікі болсын. Азуы ақсиған қасқыр көрсе, қарағайдай мүйізін шаншып, тарпа бас салатын боз бұқа да, ол бастаған сиыр табыны да сенікі болсын.» Аз сөзбен барлығын айтып беру мүмкін емес, бірақ көшпелілердің өз ұрпақтарына қалдыратын аманаттарын былай жіктеуге болар еді: 1. Нәрестенің бесігінен бастап оған қатысы бар заттардың барлығына құрметпен, ұқыптылықпен қарау. 2. Келешек ұрпақты өмірге әкеліп, тәрбиелейтін әйел затына сыйластықпен қарау. 3. Жастар мен жас сарбаздарды жылқыға, ат әбзелдері мен ер- тұрманын дайындай білуге үйрету. Ежелгі сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың Көкшетау, Бурабай, Қарғалы, Шелек, Есік төңірегінен табылған археологиялық мұрадары бұл жұрттардың бала бесігіне, бесіктің безендірілуіне жете мән бергенін байқатады. Әдетте бесікті өте сапалы ағаштан жасап, оны алтын жалатқан бүркіт бейнелерімен, сом алтыннан құйылған бөрі мүсінімен әшекейлеген. Бұлар тұмар сияқты баланы сақтайды деп сенген. Осыдан- ақ көшпелілердің өз балаларын бүркіт пен қасқыр сияқты сымбатты әрі күшті болғанын қалаған байқау қиын емес. Бабаларымыз бала тәрбиесіне қатты ден қойған. Бұл кейбіреулер сияқты баланы босқа мәпеледі деген сөз емес. Тіршіліктерінің басты шарты кеңістік пен уақыт ішіндегі қозғалыс болған көшпелілер қауымында өмірге келген баланың көзқарасы да өзінше қалыптасқан. Әке- шешенің аялы алақанында тәрбиелене жүріп- ақ, бүркіт пен көкжал бөріні пір тұта білді, тез есейді. Сөйтіп жастайынан-ақ ер қанаты аттың құлағында ойнап шыныққан сарбаз болып өсті. Ертедегі сақтардың, үйсіндердің, қаңлылар мен ғұндардың барлығы да ат үстінде жүріп, өмір өткізген жауынгер еді. Бейбіт заманда өз ісімен айналып жүрген малшы шапқыншылық жағдайында лезде қылыш-найзамен қаруланған жауынгер болып шыға келетін. «Қиын-қыстау шақта шайқасқа даяр тұру, жауға қарсы шығу я болмаса алыс жорыққа аттану олардың өмірде ісі болатын» деп,таңырқай жазды ертедегі тарихшылар. Жойқын соғыстан кейін ауылда кемпір-шал, бала-шаға ғана қалған уақытта 12-13 жасар жеткіншек балалардың қолдарына қару алып, ел қорғауға шықан кездері жиі кездескен. Ұланғайыр өлкені мекен етіп жатқан көшпелі қазақтар сан мәрте түрлі шапқыншылықтарды бастан өткізді. Соған қарамастан, халқымыздың келешек ұрпақ жайлы қамқорлығы сол қалпында сақтала отырып, бізге жеткен.