Ответ:
1.Қожаның сотқар досы?
2.Қожа кімді жақсы көреді?
3.Қожаның тентек қылықтары?
Оң қолымды бес саусақ
сол қолымды бес саусақ
барлығы он саусақ
Оң аяқта бес башпай
Сол аяқта бес башпай
Барлығы он башпай
саусақ деген ошибкмен жазылган шгар
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
ақыл арымас, алтын шірімес.
ақыл аста, қайрат жаста, асыл таста.
ақыл ауысады, ырыс жұғысады.
ақыл бастан шығады,
асыл тастан шығады.
ақыл — дария,көңіл — дұлдұл.
ақыл — дария, жер — қазына.
ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.
ақылдының әлдімен жүр,
ақымақтың артымен жүр.
ақыл таппайтын амал жоқ,
атқыш бұзбайтын қамал жоқ.
ақыл тозбайтын тон,
білім таусылмайтын кен.
ақылсыз адам айқайлай келеді,
жан-жағын жәйпай келеді,
ақылды адам жәй, жәй келеді,
жан-жағын байқай келеді.
ақ еділдің өзі болмасақта
бұлағымыз,
ақылды бастың өзі болмасақта
құлағымыз.
ақылдыға айтса біледі, наданға айтсаң күледі
ақылы асқан жақсыны «асылым» деп ойлама,
ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама,
бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама,
ашуланса мерт қылар, жөлбәріспен ойнама.
ақылды адам айтқызбай біледі,
ақ сұңқар қаққызбай іледі.
ақылды деп айтса болар,
айттырмай өзі бергенді,
жомарт деп айтса болар,
сұратпай өзі бергенді.
ақылды мақтанса, істі тындырар,
ақымақ мақтанса, аяғын сындырар.
ақылға ишарат, ақымаққа тоқпақ.
Есимдиктер барлық мақалда болады ғой, мен сан есімі ба мақалдарды жазайын:
санға қатысты мақал-мәтелдер
Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Семіздің аяғы – сегіз.
Алпыстағы атаңды жыққанша,
Алтыдағы атанды жық.
Он екі айда он үш той.
Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.
Алты бала таппай ана аталмайды,
Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.
Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.
Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.
Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.
жеті атасын білмеген ұл жетесіз.
Жеті атасын білген ұл
жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер.
Жігітке жеті өнер де аз.
Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.
Қарғыс жеті атаға жетеді.
Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.
Кедейдің жеті қаңтары бар.
Жетім бала жеті күлшеге тоймас
Жетімге жеті бидай да тамақ,
Жетімнің қарны жетеу
Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.
Айла алтау, ақыл жетеу.
Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.
Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.
Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
Тоғыз ат бір қазыққа байланбас,
Тойған үйге тоғыз бар,
Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды,
Тоғыз қатынның толғағы бір келді,
Тоғыз ат бір қазыққа байланбас
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.
Бір ит көріп үреді,
Екі ит еріп үреді.
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
Елуінде – ер дана,
Елуінде – ел жаңа.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.
Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз руға тарайды.
Мыңның жүзін білгенше,
Бірдің атын біл.
Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.
Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.
Бір жылға қоян терісі де шыдайды.
Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.
Екі баланың ортасындағы шал бала болады,
Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.
Бас екеу болмай, мал екеу болмас.
Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.
Мың қайғы бір борышты өтемейді.
Жақсы кісі қырқында толады,
жаман кісі қырқында солады
Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.
Жүз дімкеске бір лепес.
Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер.
Бірінші әйелді құдай қосады,
екіншісін адам қосады,
үшіншісін сайтан қосады.
Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра.
Біреу жаныңа жолдас,
біреу малыңа жолдас
Біреу тойып секіреді,
біреу тоңып секіреді
Ағайын – алтау, ана – біреу.
Аласыға алтау аз,
бересіге бесеу көп.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,
жетеумін деме, сегізге жолығасың.
Шындық – сегіз, бақыт егіз,
Ер- егіз, еңбек- жалғыз,
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады,
Еңбек пен бақыт – егіз
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады
Қорқаққа қос көрінер,
Құдай бір ұрғанды қос қолдап ұрады,
Бір жебемен қос нысана оққа ұшты
p.s. мен интернеттен алған жоқпын. Мен мақалдарды бир документке жинаймын)