Халқы ежелден сөз қадірін білген, сөзге тоқтаған. Ұрпағына «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деп үлкен міндет жүктеген. Аңдамай сөйлесең, ауырмай өлесің, қадір-қасиетің кетеді, елге күлкі боласың» деп ескертіп, сөз құдіретін асырып отырған. Себебі сөз біздің ата-бабамыз көтере алмаған үлкен жүкті ғасырлар бойы көтеріп, шашпай-төкпей бүгінгі күнге жеткізген. Сонау заманнан бері халқымыздың асыл қазынасы: тарихын, өнерін, жырларын, халық ауыз әдебиетінің барлық түрлерін ауыздан-ауызға таратып, бізге мұра етіп жеткізіп отырған да осы сөз еді. Ұрпақ жадында сақталып бізге жеткен бұл сөздер бабаларымыздың аманаты еді. Сондықтан да сөзді сақтау, оны қадірлеу, орнымен сөйлеу, сөз қадірін білу қазіргі және кейінгі ұрпақтардың мәңгілік міндеті мен парызы болуға тиіс. Біздің қазақта «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіру» деген әріден келе жатқан сөз бар. Екі ауыз ұтымды, ұтқыр, қисынды айтылмаған жағдайда даулы екі руды елдің атысып,шабысып, тоз-тоз боп кететін жайлары тарихтан белгілі. Сол себепті сөз құдіретін, сөз өнерін дамытуға, сөздің күшімен құдіретін ортаға әсер, ықпалын арттыруға бүкіл халық болып, арғы замандардан бері ат салысқан. Халық аталы сөзді алты жасар бала айтса да, айтушысына қарап, айтқанына қарап бағалаған, тыңдаған. Ақылы асса аға ғой деп құрметтеген, сөзге тоқтаған. Осындай құдіретті шешен сөздің дән қамбасындай болған елдің ұрпағы біздер бұл күнде сөз меңгеру, қолдану, пайдалану жағдайымыз қандай? Мені осы мәселе көп толғандыруда. Ортамызда орыс тілді қаракөздер мен екі ауыз сөздің басын қосып сөйлей алмайтын үлкендер де, жастар да, оқушылар да аз емес. Ұлы заңғар жазушы М.Әуезов «Туған елінің тарихын, әдебиетін, тілін білмеген ұлт-ұлт болып жарымайды» деп айтып кеткен жоқ па? Толғандырған осы мәселені сыныбымда түйінін шешуге көп көңіл бөлемін. Міндетті түрде мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестері, синоним сөздерді көп жаттатып, күнделікті өмірде, үйде, мектепте, көшеде жүргенде қолдану керектігін үнемі естеріне салып, ана тілі, қазақ тілі сабақтарында сөздік қорларын молайту мақсатында жарыстырып, салыстырып отырамын.
Нан – біздің Отанымыздың байлығы ,халықтың негізгі тамақтану өнімі болып табылады. <span>Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты.Ал егістіктен біз астық аламыз.Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса,одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады.Астық өндірілсе – ауыл шарушылығының ірі саласы.Астықтан ұн,нан,макарон,жарма,тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады.Астықты жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы,ыстықтан да ,суықтан да қорықпайды.Міне,осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен.Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан,ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын.Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі - нан және нан өнімдері.Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады.Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады,сондықтан да тағамдық құндылығы жоғары болып саналады.Нан адамға қажетті минералдық заттардың жетткізушісі. </span>
<span>Қазіргі заман талабына сай,балаға саналы да сапалы білім берсе ғана, біздің болашағымыз білімді,тәрбиелі болмақ .Ғылым мен білім қарыштап дамыған заманда-Тәрбиеші кәсіби шығармашылық деңгейде өзінің жаңашылдығы, өз ісіне сергек қарауы, өзін-өзі өзгерте алуы керек әсіресе оқытудың жаңа технологияларын меңгеру оны күнделікті іс-әрекетте қолдану жаңашылдыққа жақындатары сөзсіз .Білім берудің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі ұйымдардан басталады сондықтан дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп,жаңаша оқыту,жаңа технологиялар пайда болды мысалы «step by step» технологиясының элементтерін қолдана отырып орталықтарға бөліп оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырамыз сонымен қатар М.Монтессори технологиясы бойынша баланы еркіндікке баулу өз бетімен жұмыс жасауы және қол моторикасын дамытамыз.Бұл технологиялардың тиімділігі біздің балаларымыз жан жақты дамып,еркін ойлап өз беттерінше қиыншылықтарды жеңеді.Тәрбиеші кәсіби педогогикалық деңгейге ішкі ой белсенділігі мен ізденуі арқылы жететіні белгілі.Білім беру саласындағы инновациялық үрдістерді дамытуда тәрбиеші негізгі кейіпкері болады,сондықтан тұрақты ізденісті ғылымның жетістігін тәжірибеде тиімді пайдалануды қажет етеді,өз тәжірибесін қайта қарап оған өзгерістер енгізіп отырған жөн Тәрбиеші өскелең ұрпақ тәрбиелеу барысында өз білімін үнемі жетілдіріп жаңаша ойлау,әрдайым жаңа шығармашылық ізденісте болу керек.</span>
Тұз-астың дәмін келтірер. Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті. Қанттсыз шәй ішкім келмейді. Малдың сүті,еті,терісі адамға пайдалы.Дастарханға әжем құрт,май,ірімшік қойды.