Многоязычие - это духовный диалог.
Күміс--кү-міс - 2 буын
к--дауыссыз, қатаң
ү--дауысты, жiңiшке, қысаң , ерiндiк
м--дауыссыз, үнді
i--дауысты, жiңiшке, қысаң , езулік
с--дауыссыз, қатаң
-------------------------------------
5 әріп, 5 дыбыс.
Көктем келді. ҚҰстар жылы жақтан ұшып келді. Қар ери бастады. Ағаштар гүлдене бастады.Оқушылар көктемгі демалыстарға шықты. Демалыста балалар далада неше түрлі ойын ойнайды. Біз балалармен күнде серуенге шығамыз. Демалыстар біткен соң, мектепке дайындаламыз.
Қазақ халқының дарынды перзенті Ыбырай Алтынсарин аса күрделі тарихи кезеңде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезеңде өмір сүрді. Қазақ халқының тарихында Ыбырай Алтынсарин ерекше роль атқарады. Ол қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты.
Ыбырай Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді.
Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Қазіргі өркениетті қазақ халқы не бәрі 48 жасында өмірден өткен Ыбырай атамызды ұлы ұстаз, педагог, ғалым, ірі қоғам қайраткері деп бағалап құрмет тұтады.
Ыбырай Алтынсариннің жұмысы жастарды үш тілді игеруге, сауатты және жоғары білікті маман болуға шақыратын елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың үндеуімен үлеседі.
Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.