Ботакөз, құралай (лат. Myosotis) – айлауыктар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанда Павлодар, Ақтөбе облыстарында, Алтайда, Тарбағатай, Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауында кездеседі. Бұлар табиғи жағдайда тау беткейлерінде, жазық далада, су жағасында өседі. 12 түрі бар: бұлардың ішінде көп тарағаны орман Ботакөзі (M. sіlvatіca). Биіктігі 30 — 60 см, сабағы тік, көп бұтақты, сыртын ұзын түк басқан. Жапырағы (ұзындығы 2 — 5 см, ені 0,5 — 1,5 см) сабаққа кезек орналасқан. Көгілдір, көк түсті гүлдері ұсақ, көп гүлді, гүлшоғырына топтасқан. Мамыр — маусымда гүлдейді. Жемісі — көп дәнді жаңғақ. Бұлардың батпақ Ботакөзі, альпі Ботакөзі деген түрлері қолдан өсіріледі. Тұқымынан, кейде вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Жақсы өсіп-жетілуі үшін оларды құнарлы топыраққа, Күн сәулесі тік түспейтін көлеңкелі және ылғалды жерлерге отырғызады. Ботакөздер — хош иісті, әдемі гүлді әсемдік өсімдіктер.[1]
Қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе де қан.
Сорпа — көкөніс, балық, етті қайнату ортасы. Оның қоюлығы ондағы өнім мен судың мөлшеріне және қанша рет қайнатылғанына байланысты болады. Түссіздендірілген немесе боялған сорпа жеке тағам ретінде қолданылады. Сорпаның қоректілігін арттыру үшін (пирожки, бөлке, кепкен нан түйіршіктері, макарон өнімдері, жармалар, жүгері, бидай) салынады. Сорпа, негізінен, неміс және француз асханасының тағамы. Егер олар ұзақ мерзім сақталынса ондағы органикалық заттар ыдырауы мүмкін. Соңғы кезде сорпалар орнына көптеген ұлттық көжелер кең тарала бастады. Олардың қоректік қасиеті жоғары әрі дәмді және хош иісті болады
Акку
Акку ен адеми ари ен сылу кустардын бири. Бирак казир Олардын саны азайып барады. Казакта мынадай макал бар Аккуды атпа досынды сатпа деген.