Жаңа сөздер (неологизмдер). Абай қазақ тілінің төл сөздері мен тұрақты тіркестерін еркін және өнімді пайдаланумен қатар лексикалық қорды көптеген жаңа сөздермен және фразеологизмдермен толықтырды. Бұған ақынның шығармашылық қорларының кең тақырыптығы, проза жанрына, оның ішінде публицистика мен ғылыми жанрларға баруы, орыс әдебиетінен аударма жасауы және поэтика қажетін өтейтін тың элементтерді іздеу әрекеттері себеп болды.
Абай тіліндегі жаңа қолданыстарды тілдік немесе лексикалық және стильдік жаңа сөздер деп айырып қарастыру қажет. Абай - өз заманын жан-жағынан алып сөз еткен қаламгер. Сондықтан ол, бір жағынан, өз дәуіріндегі қазақ қоғамының рухани және заттық дүниесіне енген жаңалықтарды, соған орай лексикалық қазынасына енген жаңа сөздерді өз тұсындағы тіл тәжірибесінен алып қолданса, екінші жағынан, сол қазынаға біраз жаңа қорды өзі жасап қосты. Әсіресе Абай қаламынан туған жаңа сөздердің дені болып келетін дерексіз ұғым атаулары - оның теология, философия, этика, мораль тақырыптарын сөз етуінің жемісі. «Қара сөздер» деп аталатын прозалық туындысында қоғам өмірі, қоғамның заң-законы, адамның мінез-құлқы сияқты тақырыптарды сөз ету үстінде бұрынғы кейбір атауларды жаңаша ұсынуға, жоқтарын жасауға, барларының мағынасын айқындап бір ұғымда тұрақтандыруға мәжбүр болды.
Жаңа сөздер жасауда Абай 1-көзекте жұрнақ, жалғау, содан соң мағына жаңғырту, сөз тіркестіру амалдарын пайдаланды. Олардың бірқатарын тұрақтандырып, терминдік дәрежеге көтерді. Мысалы, -лық жұрнағы арқылы тоқтаулылық, байлаулылық, тиянақсыздық, қорғалауықтық, күлкішілдік, өршілдік т.б., мақ жұрнағы арқылы сөзбек, сүймек т.б. тәрізді туынды тұлғалар жасап, оларды нақты дерексіз ұғым атаулары етеді. Мысалы, «әрбір нәрсеге қызықпақтық», «Арылмас әдет болды күлкішілдік», «Өршілдікпен лағынетке болған душар», «Адамзатқа не керек: сүймек, сөзбек, кейімек». «Ішпек, жемек, кейімек, күлмек, көңіл кетермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мәнсап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық - бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар». Абай қаламынан туған жаңа элементтердің бір тобы - лексикаланған тіркестер, яғни көбінесе екі сөздің тіркесінелық жұрнағы жалғасып, бір дерексіз ұғымды білдіретін күрделі атаулар. Мысалы: қызбабастық, әсемсалдық күлкі тоқтық, өнер жоқтық, есі барлық, зор болғандық, адам жаулағандық сияқты тіркестер қазақ әдеби тілінде Абайға дейін көздеспеген тұлғалар. Абай мұндай жаңа тіркестерді өлеңдерінде де, прозасында да жүйелі түрде қолданып, лексика қазынасына қосқан.
Абай тіліндегі жаңа сөздер тек дерексіз зат есімдер емес, етістіктер тобында да бар. Мысалы, қайраттысу, әсемсу, сәнсу, қалжыңшылсу, жарамсақсу, серкесу, жер тәңірсу, қалжың бассу, еңбөгі жоқ еркесу сияқты қимыл атаулары тек Абай текстерінен табылатын жаңа қолданыстар. Грамматиканы зерттеушілер түркі тілдеріндегі жұрнағы есім тұлғаларынан сөйлеуші өзін не өзге біреуді біреуге немесе бірдеңеге балап көрсететін, я болмаса бір нәрсені істеген-істемеген етіп танытатын етістіктер жасайды деп анықтайды. Мысалы, мырзасу, батырсу, білгенсу, жазғансу дегендерде сөйлеуші өзін не басқа біреуді мырзаның, батырдың қылығын, сипатын иеленген жанға, немесе бірнәрсені білген, жазған адамға балау мағынасы бар. Сонымен қатар бұл жұрнақ жалғанған сөздің мағынасында семантикалық қосымша реңкі және болады, ол сөйлеушінің өзін не өзгені біреуге не бір денеге жай балай салу емес, ұқсауға тырысу немесе көлгірсу реңкін қоса береді. Абайсы жұрнақты туынды сөздердің осы реңкін жақсы пайдаланған. Мысалы, «Ұққыш жансып шабынар», «Жер тәңірісіп кермағыз» дегендеріңде ұққыш жанға,жер тәңіріне жай ғана ұқсау емес, ұққыш жан, жер тәңірі емес екенін, тіпті оларға ұқсамаса да ұқсап баққан көлгірсіген реңк бар.
Туынды етістік жасайтынсы жұрнағын пайдалануда Абайдың жалпы халықтық тіл нормасынан сәл ауытқитын ерекшелігі бар. Абай бәлсіну, сәнсіну, керексіну деп, жалпы тіл нормасында қалыптасқан тұлғаларды емес бәлсу, сәнсу, керексу деп жұрнақты түбір сөзге тікелей жалғайды, сол арқылы бұл туынды тұлғалардың мағыналық бояуын қалыңдатады. Мысалы, «Ел керексу» дегені елді керексіну деудің орнына келіп түр. Бір қарағанда мұңдай тұлғалар тосын, нормадан ауытқу сияқты болып көрінгенмен, бірде экспрессивтік мән алып, бірде ұйқас, өлшем құрауға жәрдемдесіп, жиі қолданылғандықтан және өлеңнің идеясын ашуда кедергі, яғни тұсініксіздік тудырмай тыңдықтан, Абай тілінің бір ерекшелігі ретіңде орын алады. Абай шығармалары тілінде көптеген тел сөздердің мағыналары жаңғыру (ауысу, тарылу не кеңею) арқылы айқындалып, біразы терминдік дәрежеге көтерілді. Бұл ретте әсіресе қоғамның әлеуметтік топтары мен экономика, сауда-саттық, заң, әкімшілік салаларына қатысты ұғым.зат атауларын білдіретін төл немесе кірме сөздер көзге тұседі. Олардың ішінде кейбіреулері (Мысалы, болыс, жатақ, шаруа, закон, законшік, арыз, іс, қызмет, шығыс, өсім, өсімкер, алыпсатар, атқамінер, пайда, кеспе т.б. нақтылы ұғым атауы ретінде терминге айналды.
Егер мен ғалым болсам көптеген жетістіктерге жеткім келер еді.Мысалғы :көптеген аурулардын алдын алып адамдардын тез жазылуына септігін тигізетін дəрі-дəрмек шығарушы едім .Адамзаттын дамуына көмектесетін жаңа технологиялар ойлап тауып отырған ды қалар едім .Сонымен қоса əлемді қоқыстан тазартатын аппарат ойлап табушы едім.
Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен туратын сөйлем түрі құрмалас (сложное предложение )сөйлем деп аталады. Құрмалас сөйлемнің түрлері: салалас құрмалас сөйлем(сложносочиненное) , сабақтас құрмалас сөйлем(сложноподчиненное), аралас құрмалас сөйлем(смешанное) Салалас құрмалас сөйлем :жалғаулықты(союзное) және жалғаулықсыз(бессоюзное) болады . 1)Ыңғайлас салалас қ.с.(және,әрі,мен,бен,пен,да,де,та,те-"И"соединительное; 2)Қарсылықты-бірақ(но),алайда,дегенмен(однако)-противительное; 3)Себеп-салдар(причинно-следственное)-өйткені(потому что),сол себепті(по этой причине),сондықтан(поэтому); 4)Кезектес(чередующееся)-бірде(иногда),бересе,кейде(иногда,или); 5)Талғаулықты(выборочное)-не,немесе,я,яки,не болмаса(либо,или); 6)түсіндірмелі(разъяснительное)-жалғаулықты жоқ!Бірақ сілтеу есімдік(союзов нет,но есть указательные местоимения)-сонша,соншалықты,мынау(настолько)
Ол Отанын сүйетін адам, ол өте білімді. Қандай бір жағдай болсада Отанын қорғайды. Отанын құрметтейді, сыйлайды. Отанының болашағын ойлап, уайымдайды. Ол өз Отанын мақтан етеді. Отанының өркендеп, өсуіне көмектеседі.