Орманға балтасымен келді Мұжық, Аралап ағаш таңдап жүрді кезіп. «Апырмай, аман қалсақ жарар ед», - деп, Жанынан көрген Ағаш тұрды безіп. Мұжыққа бір жас Ағаш айтады сөз: «Құдайдан тілеуші едім келтір деп кез. Мың да бір алғыс саған берер едім, Осы үлкен Ағаштардан құтқарсаң тез. Тынышыма бұлар мені өсірмейді, Тасалап, күннің көзін түсірмейді. Осылар тұрғаннан соң, жер тар болып, Еркінше тамырларым көсілмейді. Менде жоқ бұларға айтар амал енді, Деп тұрмын: «Құтқарушым жаңа келді!» Қоршалап, жан- жағымнан қамап алып, Аслан жібермейді самал желді. Болған соң шамам келмес, өштеспедім, Қиратып, әлім жетсе, кеспес пе едім? Жайқалып жапырағым әлдеқашан, Көркі боп осы араның өспес пе едім?! Бұлайша өтер ме еді өмір текке, Зор пайдам тимес пе еді төңірекке? Көлеңкем кең даланың көбін жауып, Таласып тұрмас па еді төбем көкке?!» Ағаштың сөзін Мұжық қабыл алды, Қиратып, бәріне де ойран салды. Кесіліп Ағаш біткен жан- жағында, Сорайып манағы Ағаш жалғыз қалды. Қираған ағаштарға қарап тұрып, Қуанды мұқатқандай жауын қырып. Біреудің бағы бастан көшерінде, Қас болар жақынымен, Құдай ұрып. Айрылып жан-жағында панасынан, Қорқады өтсе дағы құйын жүріп. Ұрынып жаз ыстыққа, қыс суыққа, Біресе бұршақ соғып, болды құрып! Ол қанша пайда тапты жалғыз тұрып, Өзгенің әлек етіп бәрін қырып? Ағашта қурап тұрған әл болсын ба, Кетіп ед дауыл соғып, қалды сынып. Сонда оған сынып жатқан Жылан келді: «Өзіңе бөле тілеп алдың, - деді. - Қорғаушы жаныңдағы ағаштардың Кінәсіз бәріне ылаң салдың, - деді. - Панаңды күннен, желден қорғап тұрған Қырғызып, өзің жалғыз қалдың, - деді. - Алланың арам пейіл сүймес құлы, Отыңа өзің жаққан жандың», - деді. Жігіттер, жақыныңмен болмаңдар қас, Қас болған жақынымен ақырда оңбас. Ағайын бірі - пана, бірі - қару, Кісіге жеке-саяқ бақыт қонбас. Кей ақымақ әлек етер жақындарын, Аямай жұмсап күш пен ақылдарын. Жау түгіл, иттен бойын қорғай алмай, Қаптырар ақырында тақымдарын.
Қазақ халқының ұлттық тағамы қазақша ет, қуырдақ.Қазақша ет -пісірілген ет.Қазақша етті -жылқының,сиырдың,қойдың етінен әзірлейді.Қазақша ет-қазақ халқының ең құрметті тағамы. Бұл тағамды сыйлы қонақтарға,әрбір мерекелерге әзірлейді.Қуырдақ ұсақ туралған ет.,оны майға қуырып әзірлейді. Қазақша ет,қуырдақ -өте дәмді қазақ халқының ұлттық тағамдары.
Қыс келді,Балалар қарды көріп өте қуанды, Тимурге қыс мезгілі ұнамайды,Тимурге дос балалар келіп,
-Жүр Тимур далаға ойнайық,коньки тебейік!-деді олар,бірақ Тимурдың не шанасы да болмаған,не конькиі де,Ол ренжіп:
-Мен шықпаймын,мен сабағымды әлі оқымадым- деді,осыны естіген анасы келесі күні баласына коньки алып береді,Сол күннен бастап Тимур ерте тұрып күнде коньки тебуды үйренеді,
Бір аптадан кейін Тимур,далаға конькиін киіп шығып, мұз айдынына барады Мұз айдынында достары коньки теуіп жүреді
Достары Тимурды көріп қатты қуанады,енді қыс мезгілі Тимурдың ең ұнайтын мезгілі болды