Біздің елбасымыз Нұрсүлтан.Ə.Н 1 мамыр ұлттар достығы мерекесі біздің ел өте татулы жəне бұл біздің бір еліміз
Дос деген қиындықта сыналады, оның шын дос екеніне сонда көзің жетеді,- деп естуші едім. Егер ол дос болса, оны сынап қажеті не,-деп ойлаушы едім. Менің досым - Данияр өз ісімен маған өзінің шын дос екенін мен күтпеген, ойламаған жерден дәлелдеді. Ал, мен болсам алғашқыда оның жақсылығын түсінбей одан теріс айналдым. Түсінікті болу үшін бәрін басынан бастайын. Біз, Данияр екеуміз кішкене күнімізден доспыз, балабақшадан бастап, қазір бір сыныптамыз. Екеуміз де жақсы оқимыз, тәртібіміз де жақсы. Мен биылғы оқу жылында сабаққа көңіл бөлуді азайттым, көбіне компьютерлік ойындар ойнап, планшетте отырғанды ұнататын болдым, үлгірімім кілт төмендеді. Досым маған бірнеше рет ескертіп, үлгірімім туралы ата-анама айтатынын білдірді, мен құлақ аспадым. Бір күні ата-анама айтты, мен оны сатқындыққа санадым, онымен дос болғым келмейтінін айттым. Сонда ол маған оқудың маңызын, біздің болашаққа жолдамамыз біліміміз екенін жақсылап түсіндірді, "дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады" мен саған дос болғандықтан сен күмілжіп, сабақ айта алмай тұрғанда, менің жаным ауырады, -деп өзінің мен үшін қатты қиналатынын айтқанда, мен өз қателігімді түсініп кешірім сұрадым. Досымның дер кезіндегі ескертуін естен кетпес жақсылық деп санаймын. Рахмет, досым!
Сұрақ бар ма ? əлде өзің түзу керексің бе?