Алтын адам
«Алтын адам» 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.
Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 - 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.
«Алтын адам,
Алтын адам...
Адам жоқ!
Алтын қалған жарқыраған» деп Мұқағали ақын жырға қосқан Алтын адам туралы айтылған ақиқат та, аңыз да көп. Сонау 1970 жылдары тек Қазақстан үшін емес, төрткүл әлем үшін үлкен жаңалық болған Алтын адамның жұмбағы күні бүгінге дейін толық шешілмей келеді. Тарихшы ғалымдар, антропологтар мен археологтар Алтын адамды жан-жақты зерттеп жатқанымен, әлі де көпшіліктің көкейінде сұрақ жетерлік.
А:- Сәлем,Жанар!
В:- Сәлем!
А:-Білесің бе?Біздің мектепте жаңа
үйірмелер ашылды.Олардың ішінде ерекше орын алатындары
музыкалық,хореграфиялық,хор,қуыршақ театры үйірмелері.
В:-Сонда оқушылар ондай үйірмелерден не үйренеді?
А:-
Ол жерде оқушылар музыкалық шығармаларды орындауға,әртүрлі халықтың
билерін билеуге,ән айтуға,қуыршақ театрының қойылымдарын дайындауға
үйренеді.
В:- Ал оның пайдасы қандай?
А:- Оқушылар ойыншықтар
дайындау,гүл өсіру,мектеп аулаларын көгалдандыру сияқты пайдалы істер
жасайды және үйірмеден алған білімімізді күнделікті өмірде қолданамыз.
В:-
Рахмет,Ақжайна!Сенің арқанда үйірме жөнінде көп ақпарат алдым.Енді өз
мектебімдегі үйірмелер туралы біліп,белсене қатысатын боламын.
А:- Оқасы жоқ!Сау бол!
В:-Сау бол!
Нан дастарқанға оңай келмейді.Ең бірінші егіншілер жер жыртады,жерге бидай себеді,жаз бойы күтеді.Күзде комбайын егін орады.Бидайды диірменге апарады,ұн жасайды.Ұнды наубайханаға апарады,наубайшылар нан пісіреді.Нанды дүкенге әкеледі.Адамдар нанды дүкеннен сатып алады.Нанды қадірлеу керек.Ас - атасы нан.
Галамтордын пайдасы:танмдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықытру, шетел тілдерін үйрену