Мен жаз мезгілін ұнатамын. Себебі жазда күн ысиды. Сонымен қатар көлге шомылуға болады. Мен жазғы демалыстарымды тиімді және пайдалы қылып өткізуге тырысамын. Тоқтала кетсек, ауылға барғым келеді. Сол жердің ауасымен дем алып, жеріне аунагым келеді. Бүлдірген мен таңқурай терсем деймін.
Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамыз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз. Бара-бара, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Кейбіреулер өздерін балалық шақпен ерте қоштасқандай сезінеді. Олар қателеседі. Себебі, олар балалық шақтың құдіретін сезіне алмай жүр. Сондықтан да менің достарыма айтарым, балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ екенін ұмытпайық. Әр адам өз өмірінің бақытты болғанын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рахатқа бөленеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді. Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз
<span>Дереккөзі: </span>https://www.zharar.com/kz/shygarma/3678-happy.html#read
<span>© www.ZHARAR.com</span>
Сан математика ғылымындағы. ұғымдардың бірі
əр санды қазақ халқы маңызына сай қолданған
екі саны тіршіліктің негізі
төртеу түгел болса төбедегі келеді
барша халық жетін санын кие тұтқан
қазақ халқында қырық санын жиі айтылады
Балалар жазды
Дуниеге келген
Мектеп битирген
Алгашкы китабы
Жумыс истеген
Ангимелер жазды
Турли кызмет
Туган ауылы
Олендер шыгарды
Алгаш рет
Орыс тили
Оз тилдерине аударды
«Пионер» журналы
Коркем фильм
Дуниежузи жинагы
Коптеген ангиме
Сәлем – сөздің анасы» деп қазақ бекер айтпаған. Алайда осы сөздің мән-мағынасын түсінбейтіндер арамызда көп-ау. Берген сәлеміңді алмай, сені көрсе де, көрмегендей қалыпта дәл қасыңыздан өте шығатындарға келесіде сәлемдескің келмейді-ақ. Бірақ келесі жолы да ондай кісілермен амандасасыз. Әйтеуір сіз сәлемдесуден айнымайсыз. Мұныңыз өте дұрыс. Діни кітаптарда да мұсылман мұсылманмен сәлемдесуі міндетті екені айтылады. Бұл – пайғамбарымыздан қалған сүннет.
Бірін-бірі танитын кісілер нәсіліне, дініне қарамастан амандасуы қажет. Өйткені олар, ең алдымен, ақыл иелері және бір-біріне бөтен емес.
Сондықтан сәлемдесу – адамдар арасындағы қарым-қатынасты жалғастырар ең басты тілдік құрал. Алайда ауыз толтырып «Алланың нұры жаусын!» деп, яки «Ассалаумағалейкум» деп сәлемдесіп, оған «Сізге де Алланың нұры жаусын!» деп жауап қатуға тиіс. Өз бауырларымыздың кейбірі ата дәстүрді бұзып, әлі күнге басқаша амандасады.
Өздеріңіз бірін-бірі көргенде беттерінен, тіпті еріндерінен сүйіп сәлемдесетін бойжеткендерді көріп жүрсіздер ғой. Міне, тап сол секілді ерлер де қол алысып амандасуды, тіпті төс түйістіргенді азсынып, енді бір-бірінің беттерінен «шөпілдетіп» сүюге кірісіпті. Әсіресе, мұндай келеңсіз құбылысқа икемділер ел білетін, азды-көпті лауазым иелері екені тіптен қызық. Ұлттың зиялысы болуға жарайтын, көпшілік «бұл бала билікке бір табан жақын жүретін азамат қой» деп қарайтын, костюм киіп, галстук тағып шікірейгендеріміздің кез келген жерде, көбіне қоғамдық жерлерде, кісі көп жиылған орындарда шұрқырасып, алма-кезек беттерін «былшылдатып» сүйісіп жатқанын көргенде өзің де қысылып қаласың.
«Өзі ұялмаған – өзгенің бетін шиедей қылады» деген – осы. Сәлемдесуді осындай деңгейге дейін түсіріп жүргендердікі білместіктен дейін десең, зіңгіттей, білімді адамдар. Бұлардыкі әлде жағымпаздық па? Екеуі де сияқты. Оңаша кабинеттерінде кездескенде солай амандасып жүретін болса керек. Сірә, жүре-бара жұрт көзінше де солай амандасуға көшкен.
Әрине, ұзақ уақыт көрмеген жағдайда балаларды, ұл-қыздарыңды, немере-шөберелеріңді бетінен, маңдайынан иіскеп, сүйіп, елжіреудің сөкеттігі жоқ.
Көпшілік бас қосқан жерде ортақ сәлем бергеннен кейін, жекелеп амандасу – басы артық әрекет. Әдетте жасы кіші – үлкенге, жеке – жалпыға, аттылы – жаяуға, басшылар бұқараға бұрын сәлем беруі – міндет.