Төрт түлікке қатысты тыйым сөздер
1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.
2. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
3. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды.
Иесі өкпелейді.
4. Жас малдың тістерін санамайды.
5. Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды.
6. Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді.
7. Малды біреуге сыйлағанда яки сатқанда, ноқта - жүген, бас жібі берілмейді.
8. Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұсталады.
Адамның өмірінде ең қасиеті де тәтті нәрсе ананың ақ сүті. Ананың ақ сүті арқылы ана тілімізді танимыз, ана тілінде сөйлейміз. Өз ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас ең зор адамшылдық пен мәдениеттіліктің, тәрбиеліліктің өлшемі болып табылады, -дейді анам. Олай болса өз ана тілін Отанындай, туған халқындай, ата-бабасындай сүюге біз міндеттіміз. Халқымыздың тәуелсіздігінің де ең басты белгісі ана тілінде екендігін біз білеміз. Олай болса біз неге өзге тілде сөйлеу керекпіз. Мен өз сыныптас достарымның үзіліс кездерінде немесе мектептен тыс кездерді орысша көп сөйлейтініне қарсымын. Өзім де тілімді шұбарламауға әрекет жасаймын. Еліміздің тәуелсіздігінің ғұмыры ұзақ болсын десек құрметті анамыздан, ана тілімізден бастасақ бізден жаман ұрпақ шықпаса керек.
«Өмірде ана-бұлақ, ана-пана,
Өмірді өркендетер ана ғана,-
деп ақындарымыз жырлағандай туған анамыз бен туған тіліміз біз үшін ең асыл да ардақты.
Менің досым үлкен , әдепті
Темірқазық?- жарық жұлдыз. Ол дүниенің солтүстік полюс нүктесіне өте жақын. Темірқазық – үш жұлдыздан тұрады. Оның ең жарығы айнымалы жұлдыз деп есептеледі. Қазіргі темірқазық — Кіші аю α жұлдызы болып есептеледі.