) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Алла, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.
2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшік, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль, прошение, прямота, трагедия, такт, фабрик, электрт. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады. 2. Мәдени және ғылыми қарым-қатынастар арқылы, әсіресе, Фердауси, Науай, Омар Хаям, Хафиз шығармаларымен енді. Мәселен, мектеп, мереке, емтихан, ғылым, ғалым, пән, медресе, қағаз, қалам, мағлұмат т. б. 3. Дінмен енген сөздер: шариғат, ораза, намаз, аруақ, ақырет, т. б. Міне, қазақ тіліне араб-иран тілінен сездер осьшдай үш түрлі жолмен келіп енді. Орыс тілінен қазақ тіліне сез ену сонау XVIII ғасырдан басталады.
Ответ:
Объяснение:
Бала – жүректің мирасы деп қарайтын балажан адамдардың бірі – менің әжем, Шәрбану, 40 жыл ұстаздық еңбек етіп, мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, бүгінгі күні құрметті демалыста. Жасы 66-ға толса да, тынымсыз еңбек етіп, мен оқитын №35 мектеп-гимназияда ата-аналар қауымдастығының төрайымы ретінде, бүкіл ата-аналарды ұйымдастырып, мектеп ауласын, ауылды көгалдандыру ісімен айналысады. Мектеп ауласын бүгінгі күн талабына сай жасыл желекке айналдыру үшін көп ізденіс қажет болды. Әжем ұстаздарды, ата-аналарды, оқушыларды Алматы қаласындағы әсем де, тағылымды «Гүлзар» қоғамдық бірлестігіне экскурсияларға апарды. «Гүлстан» Республикалық ,ылыми-танымдық журналға 2008 жылдан бастап мектеп басшылары, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар жыл сайын жазылып, оқып үйренудеміз. Осындай талаптану мен ізденіс нәтижесінде мектеп ауласында түрлі өсімдіктерден 14 композиция бой көтерді. Олар: «Бөтегүлдер алаңы», «Аршалар», «Ғылым композициясы», екі «Альпі шоқысы», «Кірпігүлдер алаңы», «Юккалар», «Жеміс-жидектер бағы», «Түлектер аллеясы», «Өсімдіктер әлемі», «Розарий», «Көп жылдық аласа бойлы гүлдер», «Әжемнің құрағы», «Қыран төбешігі» және рәміздер күні қарсаңында биыл еліміздің Елтаңбаларының бірі – «Көк байрақты» бозкілем өсімдігінен жасадық. Бұл композицияның авторы менің әжем Шарбану екендігін мен мақтан тұтам. Әжем үнемі былай дейді: «Менің кәрілікке бой алдырмау себебім – ол қозғалыс, өзің сүйген істен алатын күш-қуат, ал жасыл өсімдік адам ағзасына тек жағымды энергия беріп отырады, ауырмайсың, әр кез көңілді жүресің, ұзақ өмір сүресің». Әжем мектептегі әрбір оқушыны, өз немересіндей көреді. Күнделікті іс-әрекет арқылы бала бойына адамгершілік ізгілікті дарытуға, туған ауылын, елін көгалдандыруға баулу ісіне көп көңіл бөледі. Әжем мектепте «Сұлулық нәрі» атты жас гүл өсірушілер үйірмесін жүргізеді. Үйірме мүшелері өсімдіктер әлеміне деген қызығушылығын арттырып, іс жүзінде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Базарбаев Саят «Таза болса табиғат, аман болар адамзат», «Бірлік Зерде», «Жүз жылдықтың жүз емі» атты ғылыми жоба жұмыстарын жүргізуде. Мен, осы үйірме мүшесімін. 5 сыныпта «Жергілікті жердің дәрілік өсімдігі – итмұрын» тақырыбындағы еңбегім облыстық семинарда бағаланды. 7 сыныпта «Іле-Күнгей Алатау – флористикалық аудан қызғалдақтары» тақырыбындағы жұмысым «Өмір және ғылым» атты І-ші Халықаралық оқушылардың конференциясына қатысып «Ғылым шырағы» дипломы және Таланттар академиясының сертификатымен марапатталдым. Бүгінгі күні менің әжемнің ерен еңбегі нәтижесінде мектебім жаңаша үрдісте көгалдандырылды. Мектепте жылыжай бар. Жылыжайдағы әрбір істі әжеммен бірлесе үйірме мүшелері атқаруда . «Балаларым – мына нарықтық кезеңде жылыжайды меңгеру нағыз табыс көзі екенін есте сақтаңдар» - дейді асыл әжем. Әжем мектепте «Әжелер шапағаты» атты әжелер ансамблінің жетекшісі. Ұлттық салт-дәстүрді , әдет-ғұрпымызды жас жеткіншектерге дәріптейді. Міне, менің асыл әжем өз бойындағы адамдық асыл қасиеттерімен мені және інім Заңғарды сусындатуда. Гүлді өсімдіктерді өсіру, күту, көгалдандыру жұмыстары үнемі ізденіс, тәжірибе алмасу, гүл мәдениетін меңгеруге байланысты өзгерістермен жаңалықтарды біліп отыруды және көруді талап ететін сала екен. Сондықтан да, әжем Атакентте өтетін (сәуір және қараша айларында) көрмелерге, аудандық, облыстық, республикалық семинарларға үнемі қатысып отырды. 2009 жылы мамыр айында Халықаралық «Қызғалдақтың отаны – Қазақстан» атты фестивальде мен, 5 сынып оқушысы, Алғыс хат және Құрмет грамотасымен марапатталдым. Мен бұл жетістікке жетуім біріншіден мәпелей отырып үйреткен әжем болса, екіншіден Гөзел Құлжабаева апай мен Батима Қабдолданова апайдың ақыл-кеңес, іс-тәжірибелерінің нәтижесі екендігін мақтанышпен айтамын