Мен беріп жатқан ақпарат шығарма деуге келмейді. Бірақ осындағы ақпаратты қолданып шығарма жазуға болады.
Қазақстан –бибітшілік мекені
(Мерекелік кештік)
Музыка әуенімен әр ұлттың өкілдері ортаға шығып «Қазақстан » сөзін құрастырып, шаңарақты айналып билеу. Сахананың артынан: Сыр бойында баулардан, Алатаудай таулардан. Сары арқамдай даламда, Көк аспанның астында Бірлігіміз жарасқан Қазақ, Өзбек,Қырғыздар. Татар, Орыс,Ұйғырдай, Ұлттары бар достасқан, Бір шаңырақ астында Егеменді елімде ырысымыз жарасқан. Сәлем, саған туған ел!
Аспаны бір, күні бір. Жұлдызы бір, түні бір. Арманы бір , жыры бір, Даласы бір, гүлі бір. Ынтымағы жарасқан, Достастықы үйлескен. Сәлем саған, туған ел! Ән: Қазақтың елі. Бәрі бірге
1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, көрермендер! 2-жүргізуіші: Бүгін сіздердің назарларыңызға, 1 - мамыр ұлт аралық ынтымақтастық күніне арналған мерекелік кештігіміді ұсынамыз. 1-жүргізуші: Қазақстан Тәуелсіз ел болып, егеменді, дербес мемлекет атанғанына биыл 20 жыл толды. Бұл қажырлы еңбектің ,төзімділік пен жеңістердің 20 жылы. Биыл Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 15 жыл толды, сонымен қатар мемелекетімізде алғаш рет азия мемелекеттерінің самиті көптеген елдердің басшыларының бас қосуы, азияда қысқы олимпияда ойыны ұйымдастырылып жоғары денгейде өткізілді. Бұл да –бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың 20 жылығы еңбегінің жемісі. . 2-жүргізуіші: Ең бастысы-біз өзіміздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді, адамдардың жүрегіне өзара түсіністік пен сенімділікті ұялата білдік. Қазақстандықтар ұлттық төзбеушілік пен өшпенділікке ұрынбастан, шынайы біртұтас халыққа айналды. Осының бәрі алғашқы күннен бастап біз ұлттық келісімді өзіміздің басты басымдылығымыз және мемлекет саясатының өзегі ретінде айқындауымыздың арқасында ғана мүмкін болды. Бүгінгі кештігіміздің құттықтау Сөз кезегін мектебіміздің басшысы Жәнібек Нұршәріпұлына береміз
1-жүргізуші:
Ортақ мекен жер шары, Төбемізде тұр аспан. Барлық ұлттың баласы, Достығымыз жарасқан.
2-Жүргізуші:
Ортақ бізге бір Отан. Ортақ жердің байлығы. Еңбек ортақ, жыр ортақ, Ортақ бізге барлығы. Екеуі бірге: Байлықтың ең үлкені- халықтар достығы.
1-жүргізуші:
Біздің Қазақстан жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады.бүгінгі кештігімізде мектебіміздің оқушылары әр ұлттың салт- дәстүрін , әдет ғұрпын, ұлттық тағамын және сол халықтың,өнерін сіздердің назарларыңызға ұсынбақ.
2-жүргізуші. Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта білуіміз керек, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі бауырмал қазақ елі!
1-жүргізуші:
Асқарлы қарлы шың, Аялаған ән құсым. Туған жер армысың, Саған мың алғысым Жасасын достықты жақтаған Қазақ елі!
Сіздердің назарларыңызға аудан мектептерінің арасында ұйымдастырылған «Қуыршақ және мен» байқауына қатысып 2- жүлделі орынды жеңіп алған «Қуыршақ» театырының «Құйыршық» қазақ ертегісінің желісімен қойылған қойылымды ұсынамыз . 2-жүргізуші. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Осы Тәуелсіз Мемлекетімізді уақыт талабына сай салиқалы ақылмен, терең парасат- пайыммен басқарған Н.Назарбаев сынды ерен елбасын қалай мақтап, мадақтасақ та жарасады. Көп ұлтты халықтың арасында «ши» шығармай бірлік пен ынтымақтың ұйтқысы болып, дер кезінде Республикадағы ұлттардың Ассамблеясының жұмысын жандандырып ,олардың тілін, әдет-ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Осылайша ел басқарудың ауыр міндетін қайыспай көтеруде. Елбасына деген ізгі ниет, бауырлық қимас сезімге толы. Мемлекетімізде істеліп жатқан игілікті істеріміздің барлығы ел басымыз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев ағамыздың есімімен байланысты.Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өріліп, үндесіп тұр.
1-жүргізуші:
Баста батыр,Бақытқа байтағыңды. Халқың тағы өз сөзін айта білді. Аспан түстес, Көгілдір айшық туың, Ерке өзендей екпінің,ағының бай., Қолдады жұрт досыңдай, бауырыңдай. Орысың да қолдады ойлы ұлым деп, Татарың да қолдады тамырындай. Барлық ұлттың ұлысың,Бар ұлыстың, Республика намысын алып ұштың.
Келесі кезекте 1- 10 сынып оқушыларының бүгінгі 1-мамыр ынтымақтастықкүніне арнап дайындаған әр ұлттардың өнері , салт дәстүрін, ұлттық тағамдарын назарларыңызға ұсынамыз. Сынып тапсырмалары 2-Жүргізуші: Асқарлы қарлы шың, Аялаған ән құсым. Туған жер армысың, Саған мың алғысым – 1-Жүргізуші:
Жер- Анамыз жасайды тарлық кімге?
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып,жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
1. Достық күші – бірлікте, 2. Ынтымақ- достықтың бірлігі. 1. Туған жердей, жер болмас, Туған елдей ел болмас. 2.Отан үшін күрес- елге тиген үлес. 1.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл. 2.Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.
Болат далада жүріп жатыр.Бір кезде Олжас Болат мусор тастағаның көрді .Солнышко кезде Болаттың қасына келеді . -Болат сен неге ай-далаға мусор тастадың? -Бəрі бір емес пе ? -Жоқ,бəрі бір емес оны ай-далаға тастамау керек .Оның əдей арнап қойған шелегі бар-деді Болат . Содан кейін Болат пен Олжас ұрысып қалды .Олар өз үйлерінне кетті. Олжас үйге келгенде қателік жасағанды түсінді.Олжас Болаттың қасына келіп кешірім сұрады ..
Мен, _____________, жеке куәлік __________, мекен-жай: ____________. өзімнің жалақымды _______________ мекен-жайында тұратын азамат __________________ сеніп тапсырамын. Бұл үшін ____________ менің атымнан барлық құжаттарға қол қою, өтініш жазу құқығын беремін.