Бір бала қасындағы досына: "менің ойыншығым сенікіне қарағанда дәәәәу" депті. Сонда досы оған: "Бірақ, менікі тышқанның, ал сенікі пілдің ойыншығы ғо, сондықтан сенің ойыншығың дәәәәу емес" деп қайшы пікір айтыпты.
Наурыз көнеден келе жатқан мейрам.Наурыз достық ,еңбек ,бейбітшілік мерекесі.Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне жақсылық тілейді.Дастарқанның басты асы-Наурыз көже.Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.
Маржан:
Əли, мен медеуге барып көрдің бе?
Əли:
Жоқ.
Маржан:
Сен білесің бе?Медеу əлемдегі ең үлкен сырғанақ.
Əли:
Мəссаған,мені қызықтырып жібердік ғой!Бірақ мен медеуге барып алмаймын.
Маржан:Неге?
Əли:
Мені ата-анам жібермейді.
Маржан:
Əли , маған ата-анам сен бізбен бірге медеуге барасың деді.
Əли:
Алақай!
Сусынды. азык тулкти сол куйинше сактау ушин колд.
Табиғат және біз
Бізді қоршаған орта: жан-ануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу – бағзы заманнан бергі ата салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Талай ақын жыршы ағаларымыз табиғатты өлең жырларына арқау етіп, жырлап өткен. Солардың біреуімен өз ойымды тәмамдағым келеді:
Табиғатта сезім де, құлақ та бар,
Ренжітсең қайғырып жылап та алар.
Аяласаң жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат тамар. - демек, менің құрметті құрдастарым, табиғатты аялайық! Қолымыздан келгенше келер ұрпаққа табиғаттың әсемдігін сақтап қалайық!