Менің дүниеде барлығынан артық көретін досым БОЛҒАН... Оның аты - Айнұр еді. Мен оны қатты сыйлағам. бірақ мен оның біреуді менен артық көретінін білмеппін. Екеуіміз қазір тіпті бір-бірімізге сәлем демейміз де! Ал бұрын қандай едік!!! Әй, мүмкін көз тиген шығар!
<span>Не болғанын айтайын: Бір күні алгебра сабағында менің қасымда отыратын бала сұранып кетіп қалды да, мен жалғыз отырып қалдым. Сосын мен Айсұлудың қасында отырған өзімнің жан досыма : "бері кел қасыма!" деп едім, Айсұлу Айнұрға "отырма" деп айтып қалды. Сосын Айнұр маған: "мен отырмаймын" деп айтты. Сосын екеуі сыбырласып, маған қарап күлді. Содан кейін мен Айнурамен сөйлеспеймін. Біреудің айтқанын істеп жүрсін дедім де қойдым. </span>
Бірақ қазір жалғызсырап жүрмін. Оны сағынамын. Кеше Айнұрдың Айсүұлуға асханадан қалай тоқаш алып бергенін көріп, ішім өртеніп кете жаздайды. Айнұр мен Айсұлу бір-бірінен бір елі ажырамайды. Шынымен, Айнура мені тастады ма, жоқ әдейі істейді ма, ия болмаса, оны солай істеуге біреу мәжбүр етті ма?
<span>Мен өз досымды қайтарғым келеді. Бұл үшін ең алдымен не істеуім керек? Жәрдем сұраймын!!!"
</span><span>Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді.</span>
1.Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
2 Ас атасы - нан
3.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Ақ боз ат-қазақтарда түсі ақ,денесі әдемі аттың сұлуын-пырақ,сәйгүлік,ақ боз ат деп әсірелеп айтқан,қазіргі тілмен айтқанда маркасы ең күшті машина деуге де болады