Ғылым таппай мақтанба<span> Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз. Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз. Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз? Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз, Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз. Білгендердің сөзіне Махаббатпен ерсеңіз. Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз. Ақсақал айтты, бай айтты, Кім болса, мейлі, сол айтты – Ақылменен жеңсеңіз. Надандарға бой берме, Шын сөзбенен өлсеңіз. Аят, хадис емес қой, Күпір болдың демес қой, Қанша қарсы келсеңіз. Көп орында көріне айтпа, Біздің сөзге ерсеңіз. Мұны жазған кісінің Атын білме, сөзін біл! Осы жалған дүниеден Шешен де өткен не бұлбұл, Көсем де өткен не дүлдүл. Сөз мәнісін білсеңіз, Ақыл – мизан, өлшеу қыл. Егер қисық көрінсе, Мейлің таста, мейлің күл. Егер түзу көрінсе, Ойлап-ойлап, құлаққа іл. Ақымақ көп, ақылды аз, Деме көптің сөзі пұл. Жақынның сөзі тәтті деп, Жақыным айтты дей көрме. Надандықпен кім айтса, Ондай түпсіз сөзге, ерме. Сізге айтамын, хаупім – бұл. Өзің үшін үйренсең, Жамандықтан жиренсең, Ашыларсың жылма-жыл. Біреу үшін үйренсең, Біреу білмес, сен білсең, Білгеніңнің бәрі – тұл. Сөзіне қарай кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма. Шын сөз қайсы біле алмай, Әр нәрседен құр қалма. Мұны жазған білген құл – Ғұламаһи Дауани, Солай депті ол шыншыл. Сөзін оқы және ойла, Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл – гүл.</span>
Астана – Арқаның төсінде нұрланған Алаштың ең ұлы арманы. Астана - қахарман Қазақтың мәңгілік мәртебесі. Астана – егемен елдің жан дүниесінің жарқылы. Астана – теңдессіз Тәңірі дарытқан дархан халықтың ардағы. Астана – Елбасының ерен еңбегі. Астана – Еуразияның гүлдеген жүрегі, еркін елдің тірегі.
Бұл жолдарды оқи отырып, көз алдымызға Отанымыздың бас қаласының маңғаз бейнесі келеді. Жүрегіміз мақтаныш сезімге бөленеді. Еуразияның <span><span /></span>жүрегінде орналасып, Қазақстан халқының үш негізгі идеясы – бейбітшілік, келісім мен гүлденуді өз бойына жинақтаған Астана бүтіндіктің, достастықтың және әлемдік кемелденуге қарай мәңгілік жылжудың символына айналды. 6 шілде күні Елбасымыздың астананың геосаяси жағдайын өзгерту жайлы арманынның іске асқанына 11 жыл толады. Бағдарламаның бастамасы «Бәйтерекке» виртуалды саяхаттан басталады. Оқырмандар қаланың басты әсем орындарын аралап қана қоймай, оның авторы кім, жасаған кім, президент алақанының таңбасы нені білдіретіндігімен де танысады. Жас оқырмандарға кітапхана қызметкерлері «Сиқырлы құс» деп аталатын кітап көрмесін ұсынады. Мұнда білімқұмар балаларды қазақ ертегісін негізге ала отырып «Бәйтеректі» жасаған адаммен виртуалды кездесу күтеді. Мерекелік шараның негізгі бөлігі - Бас қаланың өзі жайлы медиа-сұхбат. Жолбасшымен бірге Астананың ең әсем, ең маңызды жерлерін аралап, олардың тарихына бойлап, қаланың ерекше архитектуралық құрылыстарымен танысасыз. Сұхбатты «Астана портреті» атты кітап көрмесі толықтырады. Көрме материалдары өткен уақыт аралығында қаланың қалай өзгеріп, жақсарғаны жайлы әңгімелеп, Астананың тарихи даму кезеңімен таныстырады. «Астана 10 жыл», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстанның жеті кереметі» және әсем безендірілген фотоальбомдардан бүгінгі Астана Сізбен бірге сыр шертіседі. Астана – болашақтың қаласы. Мұнда Шығыс пен Батыс, дәстүрлер мен жаңашылдық, бабаларымыздың даналығы және тәжірибесі мен болашаққа талпыну тоғысқан. Бұл Қазақстан халқының Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктері мен табысының куәсі. Астана көркею, республикамызды жетекші шикізат көзі державасынан инновациялы экономикалы елге айналдыру саясатын іске асырады.