Семь сокровищ - один из традиционного мировоззрения философских концепций. Казахская семь сокровищ, связанных с жизнью человека, народа, понятие включают в себя следующее: стремительная лошадь;собака. орел; сорго гончей; оружие ; , лошадь , надежного партнера
. Перевила как смогла
Ответ:
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.Бірақ, мемлекеттік тілді дамыту туралы сұрақ әлі күнге шешілмеген.бәрінен бұрын,бұл уақыттың кедергісі.Егерде хх ғасырдың басында ұлы Абай Құнанбаев орыс тілін үйрену туралы ой салған болса,ал қазір қазақ тілін үйренудің уақыты келді.
Бұрыннан - ежелден
көк - аспан
сыр - құпия
дүние - әлем
ақпарат - мәлімет
бейіт - зират
1 жұлдызшылар
2 зерттеген
3 есебін
4 ашқан
Ответ:
Бесікке салу- нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл- үйдің әйелдері шашуын, жол- жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады.Ол өзінен басқа тағы бір- екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үйлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады.Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі- шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және бесік жыры айтылады:
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?
Тағы бір нұсқасы:
Әлди- әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Қазақ халқының лиро-эпостық жыры. ХІІІ-ХІV ғасырлардан бастап жырланып, қазақ арасына кең тараған. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың түзде жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруымен басталады. Ары қарай қос ғашық Қозы мен Баян зорлықшыл Қодар, қаражүрек Қарабай арасындағы шиеленіскен оқиғалар негізінде зұлымдық пен махаббат күресі баяндалып, Қозы мен Баянның қайғылы қазасымен аяқталады.Жырдың негізгі идеясы – мөлдір махаббатты дәріптеу. Тілі көркем, сюжеті шебер құрылған. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Бұл жырда Аягөз, Үржар, Лепсі, Қалба тауы т.б. нақты жер-су атауларының кездесуі айқын көрінеді. Дастанның басқа да түркі халықтарынан тараған нұсқалары бар. Мысалы, башқұртта «Қозы Курпәс мәнән Маян сылу», Бараба татарларында «Қозы көрпеш», алтайлықтарда «Қозы Эркеш» деп аталады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған. Жалпы жиырмаға жуық нұсқасы бар. Ең көп тарағаны – Жанақ нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендері Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісәлин (1834), А.Фролов (1841), Ш.Уалиханов (1856). Ал М.Путинцев жырдың мазмұнын орыс тіліне аударып бастырған (1856). В.Радлов бір нұсқасын жинағының 3-томына енгізген (1870).Г.Н.Потанин бұл жырдың «дүние жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма» екенін айтқан. Н.Н.Пантусов, Р.Ш.Әбдірахманов, Е.З.Баранов т.б. зерттеушілер жырды әр кезде орыс тіліне қара сөзбен аударып жариялаған. Ақын Г.Н.Твертин (1889-1921) жырды тұңғыш рет орыс тіліне аударып бастырды (1927-1935). 1878, 1890, 1894, 1905 жылдары Қазан қаласында кітап болып жарық көрді. Кеңестік дәуірде ең алғаш 1925 жылы Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын 1936 жылы М.Әуезов Алматыда шығарған.<span>Жырды М.Ғабдуллин, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев т.б. қазақ ғалымдары салыстыра зерттеп, оның тарихи әлеуметтік мәнін ашты. Жыр 2002 жылы Астанада басылып шықса, бір нұсқасы 2003 жылы Мәскеу қаласында «Қозы Көрпеш — Баян сұлу. Қыз Жибек: Казахский романтический эпос» деген атпен 2 тілде (орыс, қазақ) жарық көрді. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының негізінде «Махаббат дастаны» кинофильмі (сценарийін жазған Ғ.Мүсірепов, 1954) түсіріліп, сахналық шығарма (авторы Ғ.Мүсірепов, 1940) жазылған. Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Тансық станциясының маңында Қозы Көрпеш – Баян сұлудың мазары бар.</span>