Ешкі - үй жануары. Оның мүйізі, жұп тұяғы болады. Ешкінің адамдарға пайдасы өте зор. Оның түбіті көктемге қарай көтеріледі. Сол кезде оны адамдар тарап алады. Оның түбітінен шәлі, шұлық, қолғап, т.б. бұйымдарды тоқиды. Ертеде ешкінің сүтін сауып ішкен. Қазіргі кезде де ешкінің сүті көптеген ауруларға ем бола алады. Оны сойып, етін де жейді. Ешкінің еті өте жеңіл, тез қорытылатын тағам болып есептеледі. Ешкінің бізге берері өте көп.
Елордасы Астана болашағына айқын, әрі нық қадам басып келе жатырған жасампаз қала. Қилы замандарды басынан өткеріп келген қазақтың астанасы түрлі жерлерге табан тіреді. «Қисық таяқтың көлеңкесі де түзу болмайды» демекші тоталитарлық жүйе қазақ еліне талай зиянын тигізіп, ел ғылымы мен білімінің дамуын кертарталықпен үнемі кешеуілдетіп отырды. Тарихи дерек көздерін арқау етсек,сонау 1979 жылы қазақ жерінде неміс автономиясын құру жоспары жасалған болатын. Ал сол автономияның орталығы Целиноград болып бекітілуі қажет еді.Сол кездегі Целиноград қазіргі Астана еді. Ел ағаларының арқасында төнген қауіп сейіліп, еліміздің іргесі бүтін қалды.
Өзге халықтардың көпшілігі тоқырауға ұшырап жатқанда, жаңа заманға жасампаздықпен қадам басып келе жатырған еліміздің жүрегі – Астанамыз таңдаған сара жолынан жаңылмастан мақсатына әр қадамын басқан сайын жақындай түсуде. Елбасымыздың «Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі»деген сөзімен ойымды түйіндей келе еліміздің жүрегі әрқашан соғуын тоқтатпай, көркейіп, гүлденіп, еңбекқорлығы мен жасампаздығымен әлемді таңғалдырудан талмай, «Мәңгілік ел» екендігін дәлелдесе екен.
Тыйым сөздердің қоғамдағы орны ерекше.Әсіресе балалар осы тиым сөздер арқылы тәлім-тәрбие алады десек қателеспейміз.Тыйым сөздер арқылы жаман әдеттен арыла аламыз. Мысалы: "Тізеңді құшақтама"-,деген сөздің мағынасының өзінде үлкен мән жатыр.Ол бұрынғы ата-әжелеріміз ырымдап "жалғыз қаларсың"- деген сөзді астарлап түсіндіріп өткен." Үйге қарай жүгірме"-. деген сөзде де жаманшылыққа бет бұрмай асығыстық жасама деген. Әрбір адам өз ұлытың,өз салтының айтып кеткен әдет-ғұрып,тыйым-ырым сөздерін ұмытпауы тиіс.
Жекеше :
I-жақ:Мен шақыра білейін.
II-жақ:Сен шақыра біл.
Сіз шақыра біліңіз.
III-жақ:Ол шақыра білсін.
Көпше:
Біз шақыра білейік.
Сендер шақыра біліңдер.
Сіздер шақыра біліңіздер.
Олар шақыра білсін.
Жекеше:
Мен қатал болайын.
Сен қатал бол.
Сіз қатал болыңыз.
Ол қатал болсын.
Көпше :
Біз қатал болайық.
Сендер қатал болыңдар.
Сіздер қатал болыңыздар.
Олар қатал болсын.
Менің болашақ мамандығым
Менің болашақта полиция қызметкері болуды армандаймын, себебі біздің отбасымызда атам да, әкем де, үлкен ағам да полиция қызметкерлері - бұл да менің келешек мамандығымды таңдауда өз септігін тигізді деп ойлаймын.
Полиция қызметкерінің жұмысы аса қауіпті әрі ауыр, сонымен қатар үлкен жауапкершілікті талап етеді, себебі сен ел мүддесін жоғары қойып, қашанда қызмет етуге дайын болуың керек. Қоғамдағы тәртіпті сақтап, тынымсыз еңбек етуің керек.
Полиция қызметкері болу үшін денсаулығың да мықты болып, спортпен шұғылдану керек. Бұл қызметті тек шыдамды, аса жауапты, адал адамдар таңдау керек.
Мектеп бітірген соң арнайы жоғары оқу орнына түсіп, болашақта ел мүддесін қорғайтын жауапты полиця қызметкері болғым келеді.