Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді. Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Міне, қыс айы келді.
Бұл кезде жылы жаққа ұшып кетпей, қар жауып, аяз түссе де туған жерінде қалған қанаттыларға ерекше мейіріммен қарағанымыз дұрыс болар еді. Құстарды қорғайық! Құстар — біздің досымыз. Немесе:құстарға қарап тұрсаң, олар өте әдемі. Мысалы, аққулардың топтасып көлде жүзіп жүргендері қандай тамаша көрініс. Жалпы құстар табиғатты зиянды нәрселерден қорғайды. Тоқылдақ өзінің біз тұмсығымен ағаштардың құрттарын шоқып жеп, жәндіктерден оны тазартады. Кейбір құстардың әрекеттеріне қарап, ауа-райының қандай болатынын болжауға болатынын әжемнен естідім. Мысалы, қарлығаштар төмен ұшса, онда жаңбыр жауады дегенді білдіреді. Жалпы құстарды қамқорлап, оларды да күтіп, бағуымыз керек.
Қына тасқа бітеді білім басқа бітеді
Айманов Шәкен Кенжетайұлы 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар
облысының
Баянауыл ауданында дүниеге келген. Шәкен Айманов –қазақтың әйгілі
актері, режиссер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Шәкен орта мектеп бітірген соң, Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға
түскен. Осы кезден бастап театр өнерімен әуестенді. 1933 жылы Мұхтар
Әуезов атындағы Қазақ драма театрға жұмысқа қабылданды. Осы театр
сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, әртістік шығармашылығын шыңдады.
Алғашқы ролді Погодиннің «Менің досым» пьесасында ойнады. Кейін Қодар,
Жамбыл, Алдар көсе,Қобыланды, Сатин, Отелло рөлдерін ойнады. Театрдың
бас режиссері болды. Ол қазақ театр мектебін қалыптастырды.1953 жылдан
бастап, қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті.Қойған көркем
суретті фильмдері: «Махаббат туралы аңыз», «Дала қызы», «Біздің сүйікті
дәрігер», т.б. Ш.Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 жылы Мемлекеттік
сыйлығы берілді.
Сыйлығының иегері – обладатель премии
Бейне – образ
Әуестенеді – увлекается
Сала – отрасль
Шындады – реализовал
Өнімді – продуктивный
Қалыптастырды – сформировал
1. Шәкен Айманов қай жылы және қайда дүниеге келді?
2. Шәкен Айманов кім?
3. Орта мектеп бітірген соң, қайда оқуға түседі?
4. Осы кезде ол немен әуестенеді?
5. Қай жылы ол Қазақ драма театрының құрамына алынады?
6.Осы театрда Шәкен неше жыл еңбек етті?
7. Театрда ол кім болып жұмыс істеді?
8. Шәкен алқашында қандай рөлдер ойнады ?
9. Қай жылдан бастап, кино өнері саласында еңбек етті?
10. Шәкен қандай суретті фильмдері бар?
11. Ол М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында неше жыл еңбек етті?
12.Ш.Айманов қойған «Абай» спектакліне қай жылы Мемлекеттік сыйлығы берілді?
осы лайма дүрысемес болса кешір
Сабаққа күнделікті мұқият дайындалуым керек, ойткені жаман баға алып қалуым мүмкін.