Қонақтар (кімдер? бастауыш) аттарын (нені? толықтауыш) алыстағы (қандай? анықтауыш) бағанға (қайда? пысықтауыш) қалдырып (не істеді? баяндауыш), өздері(кім? бастауыш) ордаға (қайда? пысықтауыш) шұбырып(қалай? пысықтауыш) жаяу келді (не істеді? баяндауыш)
Не тезірек өтіп кет, не әрі тұр.
Бұл жерден мен кетемін немесе сен кетесің.
Ертеңгі жарысқа жақсылап дайындал, әйтпесе біздің топтан шығасың.
Аудан орталығында оқырсың, я болмаса әкең өзі орналастырады.
Ескі достар жастық шақты еске алып, біраз отырып қалды.
Ануар анасын көріп, бір шаттанып қалды.
1.Бүгінгі таңда неге баса назар аударылып отыр?
2.Бүгінгі таңда кімдердің өсуіне баса назар аударылып отыр?
3.Бүгінгі таңда жастардың қандай болып өсуіне баса назар аударылып отыр?
1.Кімнің сөзі бекер емес?
2.Ел президентінің не деуі бекер емес?
3.Ел президенті бұл заман қандай заман дейді?
1.Кім еліңнің ұлы болсаң... дейді?
2.Елбасымыз не дейді?
3.Елбасымыз елінің ұлы болсаң не істе дейді?
1.Бұл бастама кімдерге арналған?
2.Не нəрсе жастарға арналған?
3.Бұл бастама қандай жастарға арналған?