Төрт түлік жануар
Қасиетті, пайдалы
Ұыйқтайды, жиді, жүреді
Жылқы, түйе, қой, ешкі
Төрт түлік жануар ырыс жануары.
ЕнгізІздеуПікір қалдыр

Негізгі бетМазмұны - Ертегілер
- Ойын паркі - Оқиғалар - Энциклопедия - Қызықты мәліметтер - Денсаулық - Тарихтан Тағылым - Жануарлар әлемі - Мақалалар - Мультфильмдер - Өлеңдер - ҚолөнерЖурнал - Журналға жазылу - Журналға сурет жүктеу - Журналды онлайн көру - Галерея - БайланысЖарнама
Негізгі бетЕртегілер әлеміҚаңбақ шал

Принтерге шығару
Қаңбақ шал

Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп – кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! -дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен.ОҢАЙ ҒОЙ .
Қоғамның басты байлығы – адам. Елбасымыз халыққа Жолдауында «Адам елдің басты байлығы» - деп атап көрсетті. Жан-жақты жетілген, білімді, саналы азаматтар қалыптасқан қоғамның болашағы зор. Ал, болашақтың иесі – жастар. Сондықтан да жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беріледі. Жастарды Отансүйгіштікке, патриотизмге, адамгершілікке, мәдениетке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу қажет.<span>«Тәрбие тал бесіктен басталады» - деп дана халқымыз тегін айтпаған. Ұрпақ тәрбиесі отбасынан басталып, мектепте жалғасады. Әсіресе, отбасының тәрбиесі жүйелі болуы тиіс. Әр ата-ана өзінің мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен, адами қарым-қатынасымен, бүкіл болмысымен балаға үлгі болуы тиіс. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халқымыздың қанатты сөзі бар. Біздің халқымыз жас ұрпақты тәрбиелеудің қарапайым түрін шебер пайдаланған. Әжелеріміз баланы ұйықтатқанда батырлар туралы жомарттық, мейірімділік, Отансүйгіштік тағы да басқа тәрбиелік мәні зор ертегілер, дастандар айтып ұйықтатқан. Мұның өзі баланың құлағына жақсы істерді сіңіру еді. Бала мұның барлығын есіне сақтап қалады да, адамгершіліктен аспайтын, жамандыққа баспайтын, елін-жерін сүйетін азамат болып шығады. Жастар тәрбиесі күрделі іс. Жастарға қамқорлық жасау елдің болашағына қамқорлық жасау болып табылады. Бұл тұрғыда мектептегі тәрбие жұмыстары да сапалы болуы керек. Сондай-ақ, өскен ортаның да тигізер ықпалы зор. Халқымызда «Ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол» деген даналық сөз бар. Мұның астарында терең мағына жатыр. Жастар тәрбиесі ата-ана мен мектептің ғана емес, бүкіл халықтық іс. Жастарды тәжірибесі мол, көпті көрген қарттармен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, алтын, күміс алқалы ардагер аналармен кездесулер өткізіп, өмір мектебіне сабақ алуға баулу керек. Олардың көрген-білгендері, өмір жолдары жастарға үлгі-өнеге болады. Жан-жақты тәрбие алған жастар еліне, халқына адал қызмет етеді.
Жастарға кәсіптік тәрбие берудің де маңызы ерекше. Ата-ана мен мектеп баланың бейіміне, қабілетіне қарай бағыт-бағдар беріп отыру керек. Оның өзінің сүйген мамандығын меңгеруіне көмектесу және мамандығы қандай болса да ата-ана оған кедергі жасамауға тиіс. Сонда ғана жас азамат өмірден өзінің лайықты орнын табады. Ал өмірден өзінің лайықты орнын тапқан жастардың қоғамға тигізер пайдасы да өз дәрежесінде болары сөзсіз. Өзінің ұнатқан ісін қолға алған азамат сол істің шебері болып шығады. Жастар тәрбиесіне айрықша мән беріп, оларды заманына лайық азамат етіп шығару аға ұрпақтың абыройлы борышы. «Болашақ» бағдарламасымен жастарымыз шет мемлекеттерде білім алып жатыр. Олар бітіріп келгеннен кейін мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға кепілдік берілген. Мұның өзі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға елдің болашағына жасап отырған қамқорлығы.
Ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін-жерін сүйетін ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз қажет.</span>
Ұлы Жібек жолы арқылы жердің түкпір түкпірінен келіп сауда жасаған.Ұлы Жібек жолының Қазақстаннан өткен жері Сауран қаласы болды.Жібек жолындағы даңқты қала ол Отырар болды.Жалпы бұл мəтіннің мəні Ұлы Жібек жолы-сауда жəрмеңкелердің басты жері болды.
1 жаксырак
2 жаксы
3 ыкыласын
4 сыйлыктар, тос