бұл біздің отбасы, отбасымызда бес адам. олар -апа, аке, ана, үлкен апкем және мен . апкем мектепте оқиды. ол оқушы. апкем 13 те
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
- Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен
беріп тұрып айтты:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құры боласың- деді.
Біздің отбасымызда қасиетті дәстүрлер бар.Олардың әр қайсысының өз алдына жеке мән-мағынасы бар.Мен отбасымдағы дәстүрлерге бағынамын.Өйткені дәстүр адам жанын тазартады,адамды сыйластыққа алып келеді.Бізде дәстүрлер көп.Мысалы:табалдырықта тұрма,аузынды ашып есінеме,малды теппе,ақты төкпе т.б
Кожа ахмет ясауи 1093 жылы туылган туркистанда гуласа аулие кожа ахмет ясауидин аргы теги кожалар аулетти кейбир деректерде онын Ибраһим атты мен Назар даниал атты қазының болғандығы айтылады
Көшпелілердің негізгі мекені солтүстікте Сібірдің қалың ормандарынан оңтүстікте биік тау жоталарына дейін, шығысында Хинган тау шоқыларынан батысында Орал тауы, Жайық,Сырдарья өзенімен шектеседі. Бұл әрине ылғи да осылай болмаған.Көшпелілер иелігінің Солтүстік батысы Дунайдан да ары асып,Оңтүстік батыста Амударья өзенінен әрі өтіп, мемлекет құрған кездері, оңтүстікте қазіргі Қытай жерлеріне дейін қоныстанған кездері болған. Ал, негізгі шекара Орал, Жайық, Сырдарья шегі мыңдаған жылдар бойы көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің басты шекарасы болып, осы шекараның шығыс беті Ұлы Дала деп аталды.
Ұлы Даланың негізгі иесі түріктер десек, түрік әлемінің алтын бесігі атанған Алтайды жан-жақты зерттеген академик А.П.Окладников бастаған ғалымдар Алтай тұрғындары жасап, пайдаланған тас құралдардың жасын екі жүз мың жыл деп анықтапты. Осы екі жүз мың жыл ішінде Ұлы Дала перзенттері ақыл-ой, қабілеті дамуымен қатар, сан жағынан да өсіп-өніп, көбейе беріпті.
Өздерін ақсүйек санайтын Еуропа елдері – Ари әулетіне жататын француз, неміс, италияндықтарда әлі жазу-сызу болмай тұрғанда, орыс, славяндықтар әлі де қауымдық дәуірде өмір сүріп жатқанда, Ұлы Далада түркілердің жазуы, жоғары мәдениеті болғаны дәлелденген шындық. Ал, түркілердің төл жазуы қашан пайда болғаны әлі анықталған жоқ. Шумерлер мен хаттардың, маялықтардың өркениетін есепке алсақ, түркі халықтарының өркениетінің басы б.д.д. мыңдаған жылдарға кетеді.
Көшпенділер алғашқы болып металл өңдеуді, темір қорытуды игерді.
Көшпенділердің қолынан шыққан теңдесі жоқ асыл бұйымдар кейіннен «скифтердің аң стилі» деген ерекше атауға ие болып, әлем халықтарын таңдандырумен келді.
Олардың байлығы, сән-салтанаты ұстанған бұйымдары мен киген киімдерінен де көрінетін. Орта ғасырлардағы ата-бабаларымыздың ұлттық киімдері мен басқа отырықшы халық өкілдерінің ұлттық киімдерін салыстырып көрсеңіз, кімнің қалай өмір сүргенін көресіз.