Менің елім мәңгілік ел!
Атамекен!
Туған жер! Отан! Ел тағдыры - ер тағдыры демекші, елім деп еңіреген,
кіндік қаны тамған туған жерін еріксіз жыр – жұмбақ қисса - дастанға
қосып, қаншама жаугершілік заманның куәсі болған, ұлы қазақ хандығының
550 жылдығына орай, елім, ұлы Алаш теңдессіз дана - Қазағым туралы
өзімнің қысқаша қылқалам туындыларымды ой елегімнен өткізбеске болмас
деп бел будым. Сонау 550жыл бұрын іргетасы қаланып, сұрапыл сан мыңдаған
ғасырлардың басты кейіпкері - қайтпас қайсар қазақ хандығының аты мәңгі
өшпес құнды дүние екені хақ. Ел басқарған би де, болыс та, таққа
отырып, данышпан ақылгөйлігімен, тыс жаудан қорғай білген қайырымды хан
да, даудың түйінін риясыз шеше білген ауыл ақсақалдары да дүйім қалың
қазағымның маңдайына қонған алтынның сынығындай өлшеусіз бақ екені
сөзсіз.
Қазақ деген ұлы алаш деп есте,
Сан ғасырлар куәсі боп елес те?
Мақтан тұтам қазақ боп туғанға,
Бар
ғаламға атым мәлім емес пе?... демекші, мен де төрткүл дүниеге әлем
назарын аудара білген, қызыға да, қызғанышпен де, көз тіккен ұлы
қазақтың қаны кеудемде, жүрегім мың өліп, мың тірілген қазақ баласы
болып туғаныма аллаға шексіз ризамын. Ел ел болып, мықты тұғыры беки
бастаған кезде, Тәуке хан, Есім хан, Қасым хан, Жәңгір хан, Абылай хан,
Әбілхайыр хандар әділдігімен таққа иелік етсе, Төле би, Әйтеке би,
Қазыбек билер халық түйінін дау дамайсыз шеше білді. Жоңғар
шапқыншылығының хандық құрсауынан аман қалып, елдің сана - сезімін
ұшқындата оятып, ағартушылықпен сара жолға бет бұрған, Ыбырай
Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов сияқты тума - талант
дарабоздары қазақ екені ұлы мәртебе емес пе?... Алты алаштың азулы
зияткерлері - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров,
Шәкәрім Құдайбердиев, Тұрар Рысқұлов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан
Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов сынды атышулы арыстар қазақтың жақұт -
гауһары екенін мақтан тұтамын.
Адамзаттың ұлы да даналары,
Болған еді 37 - нің құрбандары.
Халық жауы атанып атты бәрін,
Ел үмітін ақтаған жанаттары.
Тебірентіп, толғанып, мен жырлаймын,
Өтті ғой талайлардың тарландары.
Өзді - өзі балта шауып басына,
Құртып алды қазақтың алаштарын.
Бейімбет, Сәкен, Ілияс,
Мағжанда бар қиғаш қас.
Жер жүзіне паш етер,
Қазақ деген ұлы жас.
Аталардың рухына,
Тағзым еттім иіп бас.
Назым, Құртқа, Гүлбаршын атқа қонған,
Маңғыстаудың Ақбөбегі тарихта қалған.
Ұлжан, Зере, Домалақ, Айшабибі,
Динаның домбырасында күй боп тартқан.
<span />
Қыз Жібек
"Қыз Жібек" әңгімесі көп заманнан бері ел аузында сақталып, жыр болып айтылып келген әңгіме және ол қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі.
Жырды ең алғаш Зайсан уезінің (осы күнгі Шығыс Қазақстан облысы) бір белгісіз ақыны жазып алып, 1870 жылдар шамасында Қазанда бастырған. Бірақ бұл нұсқа біздің қолымызда жоқ. Кейінде басылған нұсқасында мынадай сөздер ұшырайды:
Басында менен жайылды,
Қисса болып бұл Жібек,
Баспасына қарасам,
Бәрі шала сөзінің,
Еңіреп, жылап, жүр жүдеп,
Қисынсыз болған сөздері,
Жыламақ түгіл, күлмеймін, -
дейді.
Жырдың осы нұсқасы 1876, 1905, 1909, 1911 жылдары Қазанда Хұсаиновтар баспасында бірнеше рет басылып шықты. 1925 жылы осы нұсқаны қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы Әбубәкір Диваев Ташкентте бастырды. Одан кейін 1933 жылы Қызылордада, 1939 жылы Алматыда "Батырлар жыры" жинағына қоса басылды.
Жібек әңгімесі шын оқиғадан туған, бірақ дәл қай кезде туып жасалғанын кесіп айту қиын. Мөлшермен айтқанда, "Қыз Жібек" әңгімесі XVII ғасырда туғанға ұқсайды. Жырда Жағалбайлы елінің қонысы Қара теңіз жағасы деп келеді. Мұнысы Каспий (Атырау) теңізі болуы керек. Сол кездегі Шектілердің қонысы Ақжайық болған. Бұл екеуінің арасы қоныс жағынан шалғай емес. Қазақ даласы патшалық Россияға қарағанғa шейін Жағалбайлы елі Ақжайық бойын мекен еткен. Осы кезде де Жаманқала (Орскі), Магнитогорск маңында Жағалбайлы жұрты аз емес.
Жібек әңгімесінің заманын білуге жолбасшы болатын тарихи деректің бірі - қалмақтардың Ақжайық бойын жайлаған Шекті елін жаулап алуы. Жырдың екінші саласы осы жаугершілік заманға келіп килігеді. Жайық бойындағы аз ру Шектілерге торғауыттардың ол кезде, белгілі бір кезеңде үстем
Қамбар батыр» жыры өзге эпикалық туындылар тәрізді батыр тұлғасын, оның ел үшін еткен еңбегі мен ерлігін дәуір рухына сай көркемдеп жеткізуді мақсат еткені анық. Жырдың 12 варианты бар. Осыған орай кейбір нұсқаларда біршама ауытқушылықтар кездеседі. Алайда барлығына ортақ нәрсе - өз бойына көне сюжеттерді сақтай отырып, ел қауіпсіздігі маңызды болған тарихи кезеңді жырлау болғаны ақиқат. «Қамбар батыр» жыры батырдың есейіп, ел қамқоры болған тұсынан басталады. Күмістен тағып қарғысын, соңына ертіп тазысын, аңшылықпен айналысып жүрген Қамбардың белсенді қимыл-әрекеті кереметтей тартымды. Күш-қуаты кемеліне келген нағыз жігіттік шағынан басталған оқиға сол рухта аяқталады. Өз ауылы, Әзімбай ауылы және жау елі (қалмақ) - жырдағы кеңістік осылар. Батырдың ерекше болмысы екі жағдайда көрінеді. Біріншісі, көне эпос салтына тән жолбарыспен алысқандағы ерлігі болса, екіншісі - ел шетіне жау келгенде қорған бола білген қаһармандық іс-әрекеті. Сондай-ақ әлеуметтік жігі айқындала бастаған екі түрлі өмір сипатталады.
<span>Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От
қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді.
Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады. </span>