<span>Уақыт тас екеш тасты да тоздырады
Елу жылда ел жана
уақыт керуеніне бөгет жоқ
Жан жарасына уақыт емші
Уақыттың бос өткені-өмірдің бос өткені</span>
Басыңа Алла бақ берсін, Не берсе де нақ берсін, Білім нақыл айтуға Жалықпайтын жақ берсін! Айтып жүрер білімнің Іс-амалмен шақ келсін! Береке-құт пен ырысты Үйлеріңе ап келсін! Қара ниетті жауыңа Бәлекеті тап келсін! Арман ниетке жеткізіп, Тілеуіңді ап берсін! Мал-жан аман тоқ болсын, Қайғы-қасірет жоқ болсын! Дастарханың ақ болсын, Шаңыраққа бақ қонсын! Балаларың көп болсын, Тамағы тоқ, киімі көк болсын, Иманы мығым бек болсын, Сөзі тура дөп болсын
Мен _____ сыныбында оқимын.Менің сыныбымда ____ қыз, ____ ұл.Біз өте ұйымшыл сыныппыз.Əртүрлі іс-шараларна қатысып,жүлделі орындар аламыз. Бір-бірімізден көмегімізді аямаймыз. Қиын кездерде бір-бірімізге қол ұшын беріп,бір-бірімізді қолдаймыз.Менің сыныбымдағы балалар досшыл.Біздің сыныптың бадаларының бəрі бір-бірімен тату.Пшкім ешкімді ренжітпейді.Мен өз сыныбыммен мақтанамын!!!
Атау с--ән
ілік с--әннің
барыс с--әнге
табыс с--әнді
жатыс с--әнде
шығыс с*--әннен
көмектес с---әнмен
<span>ХХІ ғасыр адамзат баласының ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 - 80 сөз, 6 - 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді.</span>