Интернет өте пайдалы нәрсе. Ол маған мектепте және аудару үшін қажет.
Адамгершілік -кісіліктің белгісі
Адамгершілік адам бойындағы ерекше қасиет. Адамгершілік адам бойындағы барлық жақсы қасиеттердің жиынтығы. Мен әруақытта ата-анама көмектесіп, анамды ешқашан ренжітпеуге тырысамын. Малды өргізу, үй жинау тағы басқа үй шаруаларына көмектесемін. Мектептен шыққан соң үйге келемін. Кітап оқып, сабаққа дайындаламын, үй тапсырмасын орындаймын, сабақтан ешқашан қалмаймын. Анам жұмыста болғанда ініме қараймын, дұрыс киін, анық сөйле, ісіңе абай бол деп үйретемін. Және кешке үйде отыр, көшеде жай сөйле, даурықпа деп айтамын. Мен ата-анамнан үйренген жақсы әдеттерімді ініме үйретуге тырысамын. Оның досына көмектесіп, көпшілік ортада өзін өзі ұстай білуі керектігін, анық сойлеп, адамгершілікті ескеруін үйретемін. Адамгершілік -кісіліктің белгісі екенін ол жақсы біледі.
09:30-да тұрамын. 10 минут беті-қолымды жуамын, тісімді тазалаймын. Сосын таңғы асымды ішемін. 10:00 - 10:30 біраз теледидар көремін. Содан кейін аяқтамаған сабақтарымды орындауға кірісемін. Сөйтіп, сағат 11:30 немесе 12:00 болады. Киімімді алдын ала үтіктеймін, аяқ киімімді дайындаймын. Мектеп формасын киіп, мектепке барамын. Сабақтар кешке бітеді. Үйге келген соң кешкі ас ішіп, сабақтарымнын жартысын орындаймын. 22:00-де ұйықтаймын