Барлық киындық артта калды
Астана кімнің қаласы?(жастардың)
Астанада кім отырады?(президент)
Астананың ең көрікті жері?(бəйтерек)
Адамның сырт бейнесіне, келбетіне қарап оның қандай адам екенін бағалау мүмкін емес. Ал, оның басқалармен қарым-қатынасына, әңгімелесуіне, сыйластығына қарап азда болса да ол туралы өз пікірің қалыптасады. Маған ата-анам әруақытта досыңа көмектес, адал бол,- деп үйретеді. Досыңмен бірге үйге берген тапсырманы орында, кітап оқы, сабақтан қалма,- дейді. Демалыс күндері ерте тұрамын, әкем "малды өргіз", ініңе қара, үй жина, анаңды ренжітпе, - деп тапсырады. Ал, атам мен әжем ісіңе абай бол, дұрыс киін, анық сөйле, көшеде даурықпа, өзіңді ұстай біл, үлкенді сила, тіпті аттың үстінде келе жатырған болсаң, аттан түс, сәлемдес,адамгершілікті ескер,- деп ақыл айтады. Бұның бәрі адамгершіліктің белгісі, ал адамгершілік-кісіліктің белгісі.
Сын есімнің шырайларын түрлеріӨңдеу
Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.
Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.
Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.
Кейде шырайлар аралас қолданылып, бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы: тым қызылдау, үлкеніректеу. Кейбір зерттеушілер шырай категориясының лексика-грамматмкалық екі түрін ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) атайды.
Қонақжайлылық
Қонақжайлылық - адамның келген қонаққа деген ілтипат пен әзетпен қарауы. Әр ұлтта өз мәдениетіне сай әр түрлі әдет ғұрыппен сипатталады. Қазақтардың қанына ана сүтімен даритын қазақ ұлтына ғана тән асыл қасиет. Сондықтан да қонақты сыйлау, құрметтеу, қонаққа деген ілтипат көрсету бала кезден қалыптасады.