«О. Исаев ауылындағы орта мектеп» кмм
Күні:
Мұғалімнің есімі: Маратова Айнур
Сынып: 3 «А»
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)
Кітап оқудың пайдасы туралы сөз ете отырып , оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Өмірмен ұштастыра сипаттауға, ойын еркін жеткізе білуге үйрену.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
* Мәтінді түсініп оқи біледі, талдай отырып, бір-бірімен ортақ шешім қабылдайды. Дәрежесі төмен сұрақтарға жауап бере алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
*Мәтіндегі негізгі ойды табады, мәтінді мазмұндай алады.
Кейбір оқушылар:
*Дәрежесі жоғары сұрақтарға жауап бере алады
Алдыңғы оқу
Білім мен кітап туралы мақал-мәтелдер айта алады.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
Жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Психологиялық дайындық
«Жылы лебіз» жұптасып бір-біріне жылы лебіз, тілектерін айтады.
«Атом молекула» әдісімен топқа бөлу
Көңілді әуен
Ортасы
«Еркін жауап» әдісімен үй жұмысын сұрау.
Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар:
Балалар елінің тыныштығын кетіретін зиянды «жаулап алушы» кейіпкерді ата?
Еңбектің балалар өмірі үшін қандай маңызы бар?
Балалар еліндегі алты кейіпкер туралы қандай мақалдар білесіңдер?
«Жұпыны өмір» сүріп жатқан деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
Қазіргі заманда тыныштықты кетіретін зиянды «жаулап алушы» бар ма? Олармен қалай күресуге болады?
Жауап берген оқушыны «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
Бейнеролик «Кітап оқудың пайдасы»
« «Түйінді ой» топта диалог құру арқылы ойларын стикерге жазу
Мәтінмен жұмыс
Оқушылар іштей оқиды
Көршісіне әңгімелеп беру арқылы ой бөлісу, топта талқылау.
Топтық жұмыс:
1. «Екі түрлі түсініктеме» күнделігі
Мәтіннің қатты әсер еткен тұстарын, үзінділерді жазады.
Мәтіннен жай әсер еткен тұстарына, үзінділерге өз пікірлерін жазады
2. Мәтіннің мазмұны бойынша бес жолды өлең құрастырады.
– Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.
Кім? Ана
Қандай? Мейірімді, ақылды
Не істеді? Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.
Түйін Ағайын – алтау, ана –біреу.
Синоним Адам
3. «Кітап оқудың пайдасы бар ма?» постер жасап, қорғайды.
4. Асылбекке хат жазады.
Топтық жұмыстарын топта жариялайды.
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы әр топ бір-бірін бағалайды.
Сергіту минуты «Қара жорға» биі
Флипчарт,маркер,
стикер,оқулық
Аяқталуы
Қорытынды:
Күлдіргі мысал ойлап жаз.
«Ұйқыбайдың кітап оқу әдеті»
Кейіпкерлері: Ұйқыбай, ұйқы кітап.
Мысалдағы оқиға орны: үйде, мектепте, түсінде.
Топ ішінде үздік мысалды жариялайды.
Үйге тапсырма: Мазмұндау. Эссе
Кері байланыс:
«Алма ағашы» әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.