Менің ең жақын досым бос уақытында далада көп серуендейді,немесе компьютерде ойын ойнайды.Ол компьютер ойындарын жақсы көреді,бір күні ол 10 сағат ойнаған,бірақ та ол солай енді істемеген.Және,ол сурет салуды жақсы көреді,сурет пәнінде мұғалім оған әрқашан бес қояды.Мен досыммен далада серуендеуді жақсы көремін,ол өте кәңілді адам
Мен үйде өз ата-анама үнемі көмектесемін. Ыдысаяқты мен жуамын сөйтіп Шешеме көмек көрсетемін. Демалыс күндері мен еденді жуамын, шаң сүртем. Мен ата-анама көмек көрсетуге әрқашан дайынбын. Жазда әкеммен бірге шөп шабуға барамын. Бізді еңбекке баулап өсірген әкеме көп рахметімді айтамын. Құрбылар отбасыңа көмек көрсет.
Сабақ уақыты.Оқушылар шулау үстінде.Аягөз бен Дана сөйлесіп отыр.Дана:
-Бүгінгі математика сабағы өте қиын сияқты.Оны қалай шығарамыз?
Аягөз:
Уайымдама.Бәрі оңды болады.Бұл сабақ саған қиын болғанмен маған оңай емес пе?Мен бүгін сенің үйіңе сағат 15:00 дерде барамын.Екеуміз бірлесіп шығарамыз.
Дана:
-Уәде бересің бе?
Аягөз:
-Әрине.
Сабақ аяқталды.Сағат 14:00 ге таяп қалды.Тіпті 14:55 болды.Бірақ Аягөз әлі жоқ.Және келмеді де,тек уәдесін берді.Бірақ орындамады.Осыдан аңғаруға болады «Уәде берсең қайтпа,қолыңнан келмесе айтпа» дегенді.
Театрда киім өткізетін орындағы апаймен амандасып, сырт киімімді өткіздім. Театрда әдетте тамақ жеуге болмайды, бірақ екі қыз тамақ жеп, арасында даурығып сөйлеп отыр екен, оларға қастарындағы апай даурығып сөйлемей, тыныштық сақтау қажеттігін ескертті. Мен отырған көрермендерден кешірім сұрап, олардың артындағы өз орныма өттім. Олар орындарынан тұрып өткізіп жібергеніне рахмет айттым. Мен отырған қатардағы балаларда, ересектерде қойылымды ерекше беріліп көруде.