Может отпрааить фото книги
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.
Халқын сүйген — салтын сүйерЕл, Отан, салт-дәстүр бір-бірімен тығыз байланысты. Салт-дәстүр — ата-бабамыздан мирас боп қалған асыл мұра.Дүниеге пенде боп келген соң, өз еліңде өз тіліңді, өз дініңді, өз дәстүріңді біліп өсесің. Бірлігі мен бейбітшілігі жарасқан халықтың салт-дәстүрі де көпшіл болмақ. Қазақтың ақжарқын, адал, қоғамшыл халық екені салт-дәстүрлерімізден де байқалады. Сол салт-дәстүрлерімізді сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу — біздің борышымыз.Шынар МЫРЗАКЕНОВА,№2 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы.<span>Шалқар қаласы.
</span>
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:
Вот сочинение на тему табигатты коргаик, (коргаик это одно и тоже что аялайык)