Мен өстім,көрдім,ойладым,қуандым
сен өстің,көрдің,ойладың,қуандың
біз өстік,көрдік,ойладық,қуандық
Мен демалыста әсіресе көп демаламын.Далаға шығып доп ойнаймын.Біз балалармен көбінесе бірге ойнаймыз.Демалыста мен ата-аналармен бірге табиғатка немесе ауылға шығамыз.Менің ойымша демалыс өте күшті.
Кенес қарт көк жиекке қарап тұрып, қаладағы жаңғыз тұяғы (баласы) Айдынды ойлады.
Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда; Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда; Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Кұйрығымен шылпылдап, Арасында кұлын-тай Айнала шауып бұлтылдап. Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз-келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, Әзілдесіп сыңқылдап. Мал ішінен айналып, Көңілі жақсы жайланып, Бай да келер ауылға, Аяңшылы жылпылдап; Сабадан қымыз құйдырып, Ортасына қойдырып, Жасы үлкендер бір бөлек Кеңесіп, күліп сылқылдап. Жалшы алдаған жас бала, Жағалайды шешесін Ет әпер деп қыңқылдап. Көлеңке қылып басына, Кілем төсеп астына, Салтанатты байлардың Самаурыны бұрқылдап. Білімділер сөз айтса, Бәйгі атындай аңқылдап, Өзгелер басын изейді, Әрине деп мақұлдап. Ақ көйлекті, таяқты Ақсақал шығар бір шеттен Малыңды әрі қайтар деп, Малшыларға қаңқылдап. Бай байғұсым десін деп, Шакырып қымыз берсін деп, Жарамсақсып, жалпылдап. Шапандарын белсенген, Асау мініп теңселген Жылқышылар кеп тұрса, Таңертеңнен салпылдап. Мылтық атқан, құс салған Жас бозбала бір бөлек Су жағалап қутыңдап. Қайырып салған көк құсы Көтеріле бергенде, Қаз сыпырса жарқылдап. Өткен күннің бәрі ұмыт, Қолдан келер қайрат жок, Бағанағы байғұс шал Ауылда тұрып күледі, Қошемет қылып қарқылдап.
1
- қандай мақалдарды білесің?
- берген жомарт емес, алған жомарт. Сұраушы адамның бір беті қызарса, бермеген адамның екі беті қызарады.
- сенің сүйікті мақалың бар ма?
- менің сүйікті мақалым; қонаққа барарда қонақ алаңдайды, қонақ келсе үй иесі алаңдайды.
- еңбек туралы қандай мақал мәтелдер білесің?
- аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Еңбек етпесең елге өкпелеме, егін екпесең жерге өкпелеме
2
аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Еңбек етпесең елге өкпелеме, егін екпесең жерге өкпелеме
- отбасы туралы қандай мақал мәтелдерді білесің?
Бесік тербетпеген үйде жылу жоқ. Алты бала тапқан ана патша болса, жақсы ана - жаныңның бөлігі.
- өмірде қандай мақалды қолданасың?
-қалаумен жасалмаған іс өнбейді