Пишу только отеты.
-Біз асханада екі рет тамақта намыз.
-Асхананың қызметкерлері өте сыпайы.
- Асханада тағамдрдың көптеген түрлері бар.
-Ия, шай ішемін.
-Шайға бір қасық қант қосамын.
-Ұлттық тағамдардан бауырсақ аламын.
-Асхананың іші өте таза, жарық және әдемі.
<span>Отан десем оралады ойыма
Ақсақалды, ақ шапанды қария,
Туған жерім - құт мекенім, дариям,
Егеменді елім, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.</span><span>Осы жолды аңсап еді еліміз,
Ар-намысты батыр туған жеріміз.
Мақтан етер бай мұрасы, салты бар,
Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар.</span><span>«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар.
Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін.
«Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.
Барша Қазақстандықтарды елімнің мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, ашық аспан көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму, асқан бақыт және шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін.</span>
Я не чувствую себя плохо в своем поведении. Это не хорошо. Если вы ленивы, я горжусь тем что меня взрослые хвалит за вежливость.
<span>"Еңбек етсен ерінбей
тояды қарнын тіленбей" деп ұлы Абай атамыз айтқандай , адамды адам
қылған осы еңбек! Қаізргі заман ағымында қол қусырып отырсан, сен
өмірден қалып қоясын.Қоғамға , ал ең бастысы өзіне зияндық жасайсын.
Адам жетістікке жеткенде ғана өзінің адамдық қасиетінт жоғарлатады , ал
ол үшін көп тынбай жұмыс істеу керек. Иә ,иә күнімен ғаламторда отырып
алтынға тең уақытынды құр босқа жұмсағанша орнынан тұрып іс қыл!
Сонымен қатар адам баласы өзі жасап жатқан жұмысын шын ниетімен орындап
жан -тәнімен жақсы көруі тиіс !
</span>
Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы.
Білезік алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар.
Бес білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан көз орнатылған күміс шынжыр арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік.
Балдақ – алтыннан, күмістен соғылған жұмыр сақина.
Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атаулары бар.
Жеңілгек – жейде жеңіне тағылатын бұйым. Теңге жеңілгек, күміс жеңілгек, меруерт жеңілгек деген түрлері болған.
Күміс отаға – күміске орнатылған бармақтай асыл тас. Бас киімге, батырлар дулығасына қадалған.
Кемер белбеу - негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шектелген аса қымбат белбеу.
Қын – кемер белбеумен бірге тұратын пышақ салынатын әшекейлі, былғары бұйым.
Қапсырма деп те атайды.
Қолтықша – иыққа іліп жүретін тіктөртбұрышты тұмар-сөмке. Күнделікті ұсақ-түйек заттар мен тіл-көз тиюден сақтайтын қасиеті бар нәрселер салынады.
Маңдайша – сәукеле т.б. киім маңдайына тағатын көз орнатылған күміс тағым.
Оқшантай ішіне шағын зат салынатын, кемер белбеуге өткізілген әшекейлі былғары қалта.
Өңірше - салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған омырауға сән беретін, түрлі-түсті тастардан көз орнатылған әсемдік тағым тізбесі. Ерлердің жейдесі мен әйел көйлегінің омырауы әдемілікпен қатар, тіл-көзден сақтану мақсатында өрнекпен безендірілген.
Сырға т.б.
Сәукеленің сырғасы – күмістен жасалған, көп қатарлы сырға пішіндес арнайы салпыншақ.
Тамақша – қазақ қызының мойынға тағатын әшекейінің бірі. Барқыт сияқты матадан сырып тігіледі, бетіне моншақ, меруерт, күміс тиындар тізіліп, төмен жағы маржан моншақтармен көмкеріледі.
Талмоншақ – бірнеше қатар тізілетін моншақтар.
Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар.
Үкіаяқ – бас киімге тағылатын үкі тұяғына ұқсатып соғылатын күміс тұғырға орнатылған бұйым. Бұйымға шынжыр арқылы тиындар, моншақтар, қоңырау сияқты бөлшектер ілінеді. Кейде кішкентай баланың бесігіне іліп қоятын болған.
Шекелік – сәукеле, тақия, басқа да баскиімге тағылатын тағым. Бірнеше бөліктен тұрады әрі оларға тағылатын әшекейлер үзбелі болып келеді. Қозалы шекелік, шошақ шекелік, ширатпа шекелік деген түрлері бар.
Шаштеңге – қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын жібек бау өткізілген күміс сөлкебай.
Шолпы – шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін алтын, күміс тағым. Түрлі сәндік салпыншақтармен әсемделген құрылымы күрделі бөлшектер күрделі пішіндегі жалпақ тастарға қондырылады.
Шашбау – қыздар шашымен қоса өрілетін моншақты, зерлі, күміс шынжырлы әсемдік тағым. Ұзындығымен ерекшеленеді. Кейде қара баудан жасалып, шашты ұзын және қалың етіп көрсету үшін қолданылады.
Шашқап – шашты күннен, шаң-тозаңнан қорғайтын қымбат матадан жасалып, сырты түрлі моншақ, жапсырмалармен безеңдерілген, екі өрімді шаштарға арналған бұйым.