Отан десем оралады ойыма Ақсақалды, ақ шапанды қария, Туған жерім - құт мекенім, дариям, Егеменді елім, туым, әнұран, Қанатымды қағып ұшқан жанұям. Осы жолды аңсап еді еліміз, Ар-намысты батыр туған жеріміз. Мақтан етер бай мұрасы, салты бар, Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар. «Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін. «Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын. Барша Қазақстандықтарды елімнің мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, ашық аспан көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму, асқан бақыт және шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін.
Егер мен сиқыршы болсам? Мен не істеймің? Мен үлкен үйде отбасыммен тұрамың. Әкем әдемі, дәу, қымбат мәшнені айдайды. Анам әдемі болады. Ағам мен әпкем депутат болады. Ал мен Қазақстанын елбасы болымын!
Сату – бүкіл адамзат дамуының қозғалту күші. Біз сатумен күн сайын айналысамыз: тауарлар, қызмет көрсетулер, білім, уақыт, тіпті өзімізді сатамыз. Маркетинг, PR және жарнама – бұл ғылым ретінде арнайы оқытылса, экономикалық қару да, басқару функциясы да, байланыс үрдістері де тікелей сату өнерімен байланысты.
Мына екпіндей өзгеріп жатқан әлемде сатушыға қойылатын талаптар өте жоғары. Жылдам артатын ақпарат көлеміне, сатып алушылардың талапшылдығы мен талғампаздығына, бәсекелестердің белсенділігі мен қайсарлығына біліктілікпен, құзыреттілікпен және асқан еңбекқорлықпен жауап беріп, болашақ клиентке дұрыс қызмет көрсете алсаңыз – 100%-тік табыс әкелетіні сөзсіз. Алайда, заманауи сатушының аталған сипаттары маңыздылыққа ие бола тұра, көпжылдық зерттеулер мен сату тәжірибелері дәлелдегендей, сату өнері – кез келген адамның қолынан келе бермейді. Шынында да, клиенттер таба білу, олармен байланыс орната білу және тапсырыстар ала білу сияқты оңайға соқпайтын істе барлығы оптимизмге, сенімділікке, жұмысқа толық берілгендікке келіп тіреледі. (129 слов)
Мой хобби футбол. Потому что мне нравится футбол и я очень хорошо играю. Моя любимая команда (СВОЙ ВАРИАНТ). В этом команде мне нравится (СВОЙ ВАРИАНТ). Я тоже хочу быть футболистом как он. Я очень люблю футбол