Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. Семіздің аяғы – сегіз. Алпыстағы атаңды жыққанша,Алтыдағы атанды жық. Он екі айда он үш той. Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді. Алты бала таппай ана аталмайды,Бес бала таппай белгілі әйел болмайды. Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама. Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар. Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз. жеті атасын білмеген ұл жетесіз. Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.Өзін ғана білген ұлҚұлағы мен жағын жер. Жігітке жеті өнер де аз. Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз. Қарғыс жеті атаға жетеді. Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас. Кедейдің жеті қаңтары бар. Жетім бала жеті күлшеге тоймас Жетімге жеті бидай да тамақ, Жетімнің қарны жетеу Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас. Айла алтау, ақыл жетеу. Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс. Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас. Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті. Тоғыз ат бір қазыққа байланбас, Тойған үйге тоғыз бар, Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды, Тоғыз қатынның толғағы бір келді, Тоғыз ат бір қазыққа байланбас Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату. Бір ит көріп үреді,Екі ит еріп үреді. Бірінші байлық – денсаулық,Екінші байлық – ақ жаулық,Үшінші байлық – он саулық. Елуінде – ер дана,Елуінде – ел жаңа. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.Отыз тістен шыққан сөз,Отыз руға тарайды. Мыңның жүзін білгенше,Бірдің атын біл. Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер. Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық. Бір жылға қоян терісі де шыдайды. Аларманға алтау аз,Берерменге бесеу көп. Екі баланың ортасындағы шал бала болады,Екі шалдың ортасындағы бала дана болады. Бас екеу болмай, мал екеу болмас. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.Мың қайғы бір борышты өтемейді. Жақсы кісі қырқында толады, жаман кісі қырқында солады Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі. Жүз дімкеске бір лепес. Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер. Бірінші әйелді құдай қосады, екіншісін адам қосады, үшіншісін сайтан қосады. Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді Ағайын – алтау, ана – біреу. Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, жетеумін деме, сегізге жолығасың. Шындық – сегіз, бақыт егіз, Ер- егіз, еңбек- жалғыз, Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады, Еңбек пен бақыт – егіз Құтты қонақ келсе, қой егіз табады Қорқаққа қос көрінер, Құдай бір ұрғанды қос қолдап ұрады, <span>Бір жебемен қос нысана оққа ұшты</span>
Жақында жан-жануарлар жарысы басталады.Бұл қазақша күрес деп аталады.Яғни күрес және аяқтан шалу ойындары ойнатылады.Оған қоян,қасқыр,борсық,арқар,аю,барыс қатысады.Олар жарысқа дайындалды.Өте көп жаттықты.Бұл жарысқа ең керегі ептілік және де төзімділік!
Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады. Наурыз көже жасау үшін: Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз.Асыңыз дәмді болсын!
Орман<span> — жер бетіндегі </span>табиғи қорлардың<span>, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, </span>тропиктік<span>, </span>муссондық<span>, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орман-өте әдемі.