Орақтұмсық (лат. Ibidorhyncha struthersii) – татреңтәрізділер отряды, қарала балшықшылар тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньнің биік таулы беткейлерінде, Іле Алатауының Үлкен және Кіші шатқалында, Шелек, Асы, Қаражар және Қарқара өзендерінің жоғарғы ағысында кездеседі. Дене тұрқы 41 см, салмағы 300 г-дай, қанатының ұзындығы 22 – 25 смАрқасы және жемсауы сұрғылт келеді, кеудесінде қара жолағы бар. Орақ тәрізді имек тұмсығы мен аяқтары қызыл түсті. Орақтұмсық – отырықшы құс. Жеке жұптары ұсақ тастар арасына шұңқырлап ұя салады. 3 – 4 жұмыртқаны мекиені мен қоразы кезектесіп басып, балапандарын да бірігіп өргізеді. Негізінен ұсақ балықтармен және әр түрлі омыртқасыздармен қоректенеді
Ақ тырна (лат. Grus leucogeranus) — тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның батыс және орталық аймақтарын көктемгі (сәуір — мамыр) және күзгі (тамыз — қазан) ұшу кезінде қоныстайды. Бұл кезде Наурызым қорығында, Ырғыз және Торғай өзендері мен Арал теңізі жағалауында жиі кездеседі. Сирағының төменгі жағы қауырсынсыз, құйрығы қысқа. Мойны, аяғы ұзын. Қанатының қарымы 2 метрге, салмағы 10 кг-ға дейін жетеді. Қанаты ақ, қанатының ұшы қара, тұмсығы қызыл. Суат маңын, көбінесе батпақты жерлерді мекен етеді. Өсімдік дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ұясын шөп арасына, кейде тайыз су бетіне салады. Сәуір—мамырда 2-3 шұбар жұмыртқа туып, оларды мекиені 1 айға жуық басады. Жыл құсы. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Ақбас тырна
Ақбас тырна (лат. Anthropoides virgo) – тырнатәрізділер отрядына жататын құс.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы далалы және шөл-шөлейтті аймақтарды мекендейді.
Ақбас тырна – жыл құсы. Қыркүйек – қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. Солт.-шығыс Африка, Палестина, Ирак, Үндістан, Пәкістан, Бирма жерлерінде қыстайды. Өсімдік дәнімен, бүршігімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары ұялау мекені тарылып, саны күрт төмендеді. Бірақ 1970 – 1980 жылы саны қайтадан көбейе бастады. Ақбас тырна қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Басқа тырналар тұқымдасына қарағанда Ақбас тырнаның денесі кіші болып келеді. Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсындары бар. Қанатының ұзындығы 42 – 54 см, салм. 2 – 3 кг-дай. Басы, мойнының асты мен омырауы қара, ал басқа қауырсындарының түсі көкшіл сұр болады. Құс ойнағы кезінде өздеріне тән қимыл-қозғалыстар жасап, «тырналар биін» билейді. Жұптасып, жерді аздап шұңқырлап, оған құрғақ шөп төсеп, ұя салады. Мекиені мен қоразы 1 – 2 жұмыртқаны 28 – 30 күндей кезектесіп басады.
Түркімен құланы
Менің досым атты (имя друга) . Ол өте мейрімді . Біз тату достар . Досымның шашы қара , көзі қоныр , бойы бойшаң . Ол мені өте сүеді және мен оны өте сүемің . где я перечисляю там какой рост волосы и тд ты можешь вставить сам или сама
Кез келдген адамның жанына жақын өзіндік бір айналысатын ісі болады. Бос уақытында сүйікті жұмысымен айналыспайтын жан жоқ шығар. Сол секілді менің де өзіме ұнайтын хоббиім бар. Ол — сурет салу.Өнердің бұл түріне қызығып барып жүргеніме міне, бірнеше жыл да болып қалды. мен кішкентай кезім сурет салуға әуеспін. Сурет салған кезде мен бар әлемді ұмытып терең ойға батып кетемін.Негізінен кішкентай балалар сурет салғанды ұнатады ғой. Бірақ көбі үлкейе келе сурет салуды тастап кетсе, мен әлі күнге дейін тастаған жоқпын. Отбасымызда суретшілер жоқ. Алайда анамның мамандығы бейнелеу өнерімен байланысты болмаса да, суретті жақсы салады. Өзім ешқашан Пикассо, Леонарды сынды танымал суретшілерді көріп, суретші болуды арман еткен емеспін, менің суретші болуыма әсер еткен бірден бір адам — ол менің анам. Өзім кәсіби суретші болмасам да, сурет салу менің кәсіби хоббиім деп айтар едім. Өйткені суретші болу үшін, менің ойымша, белгілі бір деңгейге жетіп, өсу үшін оқу қажет болғанымен, Алла тағала маңдайыңа сурет салуды жазбаған болса, мың жерден жоғарғы білім алуыңның еш пайдасы болмайды...<span> Сурет салатын адам ретінде мен үшін сурет салу барысында көңіл-күйімнің жақсы болуы мен қолымда жақсы ұшталған қарындашымның болуы өте маңызды. Табиғатты, не ғимараттарды салғаннан гөрі адамдарды, мульт-бөпелерді, қуыршақ қыздарды, сондай-ақ ойыншық аю, мысық, қоян секілді жан-жануарларды салғанды ерекше ұнатамын.Мен сурет салудан басқа бос уақытымда қызықты кітап оқимын және спортпен шұғылдану</span>
Оның мағынасы мынандай мысалы
Сен ешқандай іс жасамапсың,сені тірілер қатарына санамауға болады екен
Ол өте жалқау,еңбек етпейтін можно сказать бездельник
1) Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек еткен.
2) "Аққала","Әже","Боран","Біз шадыман баламыз","Жер – туған жер","Гүл","Сәлем саған, мектебім!","Сыйға-сый","Торғай","Тұңғыш қазақ ғарышкері" атты өлеңдерін білемін.
3) Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С.Михалковтың «Степа ағай» (1978), Р.Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982) поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен (1983), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984), «Жанымның жарық жүлдызы» романы (1985) жеке кітап болып шыққан.
Сондай-ақ Я.Колас, А.Барто, Я.Бжехва, Дж.Родари, Я.Аким, Б.Заходер, Қ.Мүхамади, Қ.Тәңір-құлиев, Б.Асаналиев, т.б. өлеңдерін аударуға қатысқан.