Иә,расымен.Би-Шешендердің сөздері жәй ғана сөз емес.Олар айтатын сөздерін ой елегінен өткізіп,ақылға салып болғасын барып дұрысынан айтады.Өйткені көптеген халық солардың сөздеріне мән беруде.Ақыл,ой,парасат дегендей жақсы мағынадағы сөздер бізге не беруші еді?Әрине,тәлім-тәрбие.Нақтырақ айтатын болсақ "Би-шешендердің сөздері-халықтық тәлім-тәрбие құралы" деген 100 пайыз дұрыс.Толықтай келісемін.Сіздерге де айтарым барымызша ойланып айтар сөзімізді дұрыс па дұрыс емес па?Олай айтсам жақсы ма жақсы емес па?Келісе ма келіспей ма?Деген сұрақтарменен ойланып нақты өзіңіз қиналмайтын,өкінбейтін жауап айтыңыз.Бізде өз сөздерімізбен тәлім-тәрбие беріп,Би-шешендердің жолын қусақ жаман болмаймыз
Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау мекемесі жыл сайын «Табиғат сұлулығы әлемді сақтайды» деген тақырыпта балалар шығармашылығының байқауын ұйымдастырады. Есілдің сол жағалауына жиылған жас өрендердің барлығы Астананы кішкентай да ұшқыр қиялдарымен көркемдеп, сан түрлі суреттер салады. Ең бастысы қай баланың қиялында да Астана тек таза, сұлу қалпымен ерекшеленеді. Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай шара олардың қоршаған ортаны аялап, қадірлеп өсуіне үлкен көмек көрсетеді.
Сәуір айының соңына қарай Астанада дәстүрлі сенбіліктер кезеңі басталады. Оған жас та кәрі де бір кісідей ат салысады. Өзгелерге үлгі болып ең бірінші, әрине, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері шығады. «Астананы көгертейік!» деп ұран тастайтын олар, бұл күндері кәсіби мерекелері қарсаңында сенбілік өткізуді дәстүрге айналдырған. Экологтардың жұмыс жоспары бойынша, көктем мен күзде жылына екі рет өткізетін санитарлық айлықтары белгіленген. Мұндағы негізгі міндет – аула мен көшелерді тазалау, қоқыс шығару және ағаш отырғызу. Бүгінгі күні Астанада өткізілетін көпшілік сенбіліктерге әрбір оныншы қала тұрғыны қатысады екен.
Асханада
-Сәлеметсіз бе түскі асқа қандай тамақтар бар?
-Сәлематсыз ба түске асқа сұйық тамақтан,борщ,лағман,кеспе,рассольник бар,ал екінші тамақтан яғни қою тамақтан, манты,палау,котлет пен пюре,
-Маған борщь пен манты беріңіз сосын бір шыны шәй!Сізғе қанша теңге төлеймін?
_Ала қойыңыз! Борщь екі жүз елу теңге,мантыңыз үш жүз теңге ал шәйыңыз елу теңге,ал нанды қалағанынша ала беріңіз! Барлығына алты жүз теңге бересіз!
-Ақшаңызды ала қойыңыз! Рахмет!
-Асыңыз дәмді болсын!
Жер-Ана саған рақмет.Сен бізді асырап бағып және бізді тойдырып жүргенге.Мен достарыммен саған тастаған қоқысты жинап қоқыс жәшігіне тастаймыз.Мен менен кішкентай балаларға сенің үстіңе қоқыс тастауға болмайтынын айтамын.Мен сияқты бала көп болуы үшін мен әрі қарай саған рақметімді айтып жүремін.Сен менің екінші анамсың және басқаларғада екінші анасың.Біз сені қазір кңтаптан өтіп жатырмыз.Мен сені өз анам сияқты жақсы көремін.